Өңірлер

"Қар жауады" Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды

© Sputnik / Абзал КалиевҚар
Қар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Қазгидромет" 14-16 мамырға ауа райы болжамын жасады

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр — Sputnik. Қазақстанда аптап ыстықтан кейін ауа райы күрт суытады. Бұған Солтүстік Оралдан келетін суық арктикалық фронттар себепші болады, деп хабарлады "Қазгидромет" синоптиктері.

Алдағы үш тәулікте солтүстік облыстарда, күндіз орталықта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерде бұршақ жаууы ықтимал әрі ауа температурасы күрт төмендейді.

"30 градустық ыстықтан кейін, күндіз ауа температурасы плюс 17-22 градусқа дейін төмендеп, қиыр солтүстікте 8-13 градус нөлден жоғары болады. Республиканың шығысында алдағы түнде жаңбырдың соңы жылбысқа қарға ұласып, 0-5 градус аяз болуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Ал Қазақстанның қалған өңірінде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, ауа температурасы сәл төмендеуі мүмкін.

Тағы оқыңыз: Синоптиктер алдағы жарты жылға болжам жасады

Дабылды ескерту

14 мамырда Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын (жаңбырдың соңы жылбысқа қарға ауысады) түседі, кей жерде найзағай ойнап, дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні кей жерде 15-20, күндіз ұйытқуы 23-28 м/с болады. 14-15 мамырда түнде 1-6 градус қатқақ болуы ықтимал.

15-16 мамырда түнде Қостанай облысының кей жерінде 3 градус қатқақ болады.

14 мамырда күндіз Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні кей жерде 15-20, ұйытқуы 23-28 м/с болады. 15-16 мамырда түнде 1-6 градус қатқақ болады.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда қар жауып, боран соқты - видео

14 мамырда күндіз және 15 мамырда тәулік бойы Қарағанды облысының кей жерінде найзағай ойнап, дауыл соғып, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні кей жерде 15-20, ұйытқуы 23-28 м/с жетеді. 14-16 мамырда түнде 1-6 градус қатқақ болады.

Нұр-Сұлтан қаласында 14 мамырда күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. 15-16 мамырда түнде 1-3 градус қатқақ болуы ықтимал.

Жаңалықтар
0