Қырымды Ресейдің бір бөлігі деп есептейтін француздардың саны 11%-ке артты

© Sputnik / Владимир Сергеев / Медиабанкке өтуҚырым, архивтегі сурет
Қырым, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сауалнамаға жасы мен мамандығы әртүрлі кәмелеттік жасқа толған төрт мыңнан астам респондент қатысты

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Қырым Ресейдің бөлігі деп санайтын француздардың саны наурыздың ортасы мен сәуірдің ортасына дейін 11%-ке артып, 37%-ке жетті. Немістердің 38%-і, британдықтардың 34%-і мен америкалықтардың 27%-і де осындай пікірді ұстанып отыр. Sputnik.Пікір жобасы аясында Францияның IFop беделді социологиялық компаниясы өткізген сауалнама қорытындысы осындай.

© Sputnik / SputnikҚырым Ресейдің бөлігі деп санайсыз ба? Сауалнама
Қырымды Ресейдің бір бөлігі деп есептейтін француздардың саны 11%-ке артты - Sputnik Қазақстан
Қырым Ресейдің бөлігі деп санайсыз ба? Сауалнама

Зерттеу Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосының тапсырысы бойынша  2019 жылдың 9-15 сәуірі аралығында жүргізілді. Оған сәйкес, АҚШ тұрғындарының  27%-і,  Ұлыбритания тұрғындарының 34%-і, француздардың  37%-і мен Германия тұрғындарының 43% -і түбекті Ресей бір бөлігі деп санайды. Осыдан үш жыл бұрын, 2016 жылдың наурыз айында тұрғындардың пікірі мүлдем басқа еді. Ол кезде француздардың 45%-і мен немістердің 48%-і Қырым Ресейдікі емес деген пікірде болатын.

IFop сауалнамасы көрсеткендей, Франция, Ұлыбритания және АҚШ елдерінде жастарға қарағанда, ересек адамдар Қырым Ресейдікі деп есептейді. 35 жастан асқан британдықтардың 35%-і мен француздардың 41%-і де осындай ойда. Ал олардың жас жерлестерінің 27% және 30%-і ғана түбекті Ресейдің  бір бөлігі деп санайды. АҚШ-та 35 жастан асқандардың 28 проценті бұл пікірмен келіседі. Ал бұл пікірге 18-24 жас аралығындағы жастардың 18 проценті ғана қосылады екен.  

Тағы оқыңыз: Қазақстандықтар биыл Қырым түбегіне демалуға бара ала ма?

Франция, Ұлыбритания мен АҚШ-та Қырым Ресейдің бөлігі деп санағандардың дені - жоғары білімді адамдар. Францияның жоғары оқу орындары түлектерінің 39%-і Қырым Ресейдің бөлігі деп есептейді. Ұлыбритания мен АҚШ-та жоғары білімді, орта білімді және аяқталмаған орта білімді адамдардың проценттік көрсеткіші мынадай: 45% , 32% және тиісінше 31%,  31% , 24%  және тиісінше 25%.

Германия азаматтары арасында "Германия үшін балама" партиясының өкілдері Қырым Ресейдің бөлігі деген пікірді ұстанады екен (55%).

Сауалнамаға 18 жастан асқан 4 010 респондент қатысты. Қателіктің ең жоғары деңгейі 3,1%, ал сенімділік ықтималдығы- 95%.

Тағы оқыңыз: Немістер мен итальяндықтардың үштен бірі Қырымды Ресейдің бір бөлігі деп есептейді

Sputnik – 32 тілдегі елдік және өңірлік мультимедиалық сайттарды біріктірген ірі халықаралық БАҚ-тың бірі. Әлемнің 130 қаласы мен интернетте орыс, ағылшын және француз тілдерінде радио хабар таратады.

Sputnik ағылшын, араб, қытай және парсы тілдерінде әлемдегі жетекші басылымдарды тәулік бойы ақпаратпен қамтиды. Sputnik ақпарат ресурсына айына 60 миллион адам кіреді. "Вэйбодағы" Sputnik China аккаунтына жазылғандар саны 10 миллионнан асады. Бейжіңнен бастап Монтевидеоге дейінгі редакция орталықтарында мыңдаған қызметкер бар. Sputnik "Россия сегодня" медиа тобына енген. Бас кеңсесі Мәскеу қаласында.

"Sputnik.Пікір" халықаралық жобасы 2015 жылдың қаңтар айында бастау алды. Оның аясында Еуропа және АҚШ елдеріндегі өзекті және саяси мәселелер бойынша қоғам пікірі зерттеледі. Белгілі Populus, IFop және Forsa зерттеу компаниялары жоба серіктестері.

Жаңалықтар
0