НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Петропавлда үш күн ішінде осымен екінші қоғамдық көлік түгі қалмай жанып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Төтенше жағдай 11 мамыр күні болған. 101 телефон нөміріне сағат 10:29-да Петропавлдағы Интернациональная көшесінде 2А жолаушылар автобусының жанып жатқаны туралы хабар келіп түскен. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы ТЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Қоғамдық көліктің он екі жолаушысы өз күшімен сыртқы шығып үлгерді. Өрт сөндірушілер дереу төтенше жағдай орнына аттанды. Олар келген кезде, яғни сағат 10:35-те автобус толығымен отқа оранған еді. Өрт 10:42-де сөндірілді, жалын 10 шаршы метр аумақты шарпыды", - деп мәлімдеді ведомстводан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Көлік түгі қалмай жанып кеткен. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Болжам бойынша өртке электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.
Бұл осымен үш күн ішінде өртеніп кеткен екінші автобус. 9 мамыр күні Петропавл қаласында 8М қоғамдық көлігі жанып кеткен болатын. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ.