Қоғам

Бұршақ және жаңбыр: дүйсенбі күні ауа райы қандай болады?

© Sputnik / Дмитрий Паршин / Медиабанкке өтуШөпте жатқан бұршақ, архивтегі сурет
Шөпте жатқан бұршақ, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республиканың кей жерлерінде қатты жел соғып, күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Қазгидромет метеорологтары 13 мамырдағы ауа райына болжам жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Республиканың басым аумағы оңтүстік циклонның ықпалында болады, сондықтан батыста, солтүстік-батыста, шығыс пен оңтүстікте атмосфералық ауа ағымдарының әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Синоптиктер алдағы жарты жылға болжам жасады

Бұған қоса, кей жерлерде қатты жел соғып, бұршақ түсуі мүмкін. Оңтүстікте шаңды дауыл көтерілсе, оңтүстік-шығыста тұман түседі деп болжанып отыр.

Мегаполистердегі ауа райы

  • 13 мамырда Нұр-Сұлтанда түнде +8...+10 градус, күндіз +20...+22 градус жылы болады, көшпелі бұлт шығады.
  • Алматыда түнде +12...+14, ал күндіз +25...27 градус ыстық, көшпелі бұлт шығады.
  • Шымкентте де күн жылы болады, түнде +15...17, ал күндіз +29...31 градус ыстық.

Өңірлерде ауа райы қандай болады

Шығыс Қазақстан, күндіз Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. ШҚО-да кей жерлерде дауыл соғады деп болжануда.

Нұр-Сұлтанда жазға бір ай қалғанда қар жауып, боран соқты - видео

Қызылорда, Түркістан, Қарағанды, Павлодар облыстарында күндіз 20 м/с жел соғады. Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай жарқылдайды, Қызылорда облысында күндіз шаңды дауыл көтеріледі.

Атырау облысында кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшейеді.

Бір күнде қысқа айналды: қалың қар астаналықтарды әуреге салып қойды – видео

Ақтөбе облысында күндіз найзағай жарқылдайды, желдің екпіні секундына 18 метрге дейін барады.

Қостанай облысында күн күркіреп, найзағай ойнайды деп болжанып отыр.

Жаңалықтар
0