Өңірлер

Шымкент полициясы халықтың ашуын келтірген "танк" иесін тауып алды

Жазылу
Полиция халықтың наразылығын тудырған "шымкенттік танкистің" кім екенін анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр — Sputnik. Шымкент полициясы елдің сынына ұшыраған "танкистпен" әңгімелесіп, тәртіпке шақырды, деп хабарлайды Отырар басылымы.

Тәртіп сақшылары Жеңіс күні құрметіне танкке келтіріліп безендірілген автокөлік жүргізушісінің кім екенін анықтаған. Бұдан бұрын ерекше "танктың" видеосы Instagram желісінде жарияланған болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Информационное агентство (@elitar.kz)

Шымкент халқының басым көпшілігі жігіттің бұл қылығын қатты сынға алды. Темір тұлпар иесінің айтуынша, жол жүру ережесін бұзамын деген ой үш ұйықтаса түсіне кірмепті.

"Полиция қызметкерлерінің жұмысына рахмет. Менімен әңгімелесу үшін полиция бөлімшесіне шақырып, жолда мұндай әрекет жасауға болмайтынын түсіндірді. Артынша қоя берді", - деп "шымкенттік танкист" полицейлерге алғысын жеткізді.

Сонымен бірге, ол Шымкент халқынан өрескел қылығы үшін кешірім сұрады.

Жаңалықтар
0