Оқиға

Шымкентте 9 жасар қызға ойына келгенін істеп, зорлап тастаған азғынға үкім шықты

© Sputnik / Табылды КадырбековЕр адам мен қыз
Ер адам мен қыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Педфил қиянат жасаған оқушы қыз әлі өз-өзіне келе алмай жүр. Көшеге шығуға қорқады, айналасына үреймен қарайды

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Шымкент қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған сотында Тоғұс ауылында 9 жасар қызды зорлаған педофилге үкім шықты, деп хабарлайды vera.kz.

20 жастағы Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы – "Кәмелеттік жасқа толмаған баланы зорлау" және "Кәмелеттік жасқа толмаған балаға сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық жасау" бойынша айыпты деп танылды. Ол 18 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қауіпсіздік деңгейі ең жоғары колонияда өтейді.

Тағы оқыңыз: "Медеу" мұз айдынының әжетханасында зорланған қызға қатысты тың дерек шықты

Сотталушыға бұл жазасы мемлекеттік айыптаушы сұраған. Жәбірленуші тарап бұл шешіммен келіспейді. Адвокат Айман Умарованың айтуынша, 18 жыл – 9 жасар қызды зорлап, кейін сексуалды сипаттағы әрекет жасаған адамға тым жеңіл жаза.

"Мен үкіммен келіспеймін. Ол кішкентай баланы асқан қатыгездікпен зорлады, онымен қоймай сексуалдық сипаттағы әрекеттер де жасаған. Мұндай қылмыстың бірі үшін сонша жыл берілетінін білесіздер ме? Ал ол екі қылмыс үшін 18 жылға сотталып отыр. Біз жазаға қатысты сот шешіміне шағым түсіреміз. Қалғаны әділетті болды деп санаймын", - деді Айман Умарова сот үкімі шыққан соң.

Айта кетсек, қылмыс биыл қаңтар айының басында болған. Бірнеше күннен соң белгісіз ер адамның Тоғұс ауылында 9 жасар оқушы қызды зорлағаны туралы белгілі болды. Қыз бала каникул кезінде мектептегі жаттығудан қайтып келе жатқан. Үйіне отыз метр қалғанда жас жігіт жолығыпты. Ол қызды темір жол маңындағы қараусыз жатқан үйге сүйреп апарып, зорлап тастайды. Осының бәрі сотқа дейінгі тергеу кезінде расталды, дейді адвокат.

"Балаға екі рет зорлық жасалған: зорлау және сексуалды сипаттағы зорлық. Екеуі де болған, себебі саусақпен жасау бір бөлек те, ал мынау бір бөлек. Өте көп жарақат алды. Байғұс қыз әлі дәрігерге қаралып жүр", - дейді Айман Умарова.

Тағы оқыңыз: Мас адам әйелі екен деп 15 жастағы қызын зорлап тастады

Бала сот тергеуіне қатысқан жоқ. 9 жасар қыз әлі өз-өзіне келе алмай жүр екен. Көшеге шығуға қорқады, айналасына үреймен қарап, кез келген жанды жау деп санайды. Адвокаттың айтуынша, баланы емдеуге ұзақ уақыт керек.

"Сотталушы бастапқыда кінәсін мойындаған. Кейін жартылай мойындайтынын айтты. Ол үкімді жұмсарту үшін ғана мойындап отыр. Әйтпесе, жасаған ісіне өкінгенін көрген жоқпын. Ол қызды шынымен зорлады. Бұл - толық дәлелденген қылмыстық іс", - дейді Айман Умарова.

Екі тарапта сот шешіміне шағым түсірмек.

Жаңалықтар
0