Өңірлер

Түркістан облысында жұрттың ұйқысын қашырған қылмыстық топ құрықталды

© Photo : предоставлено очевидцамиКісен, архивтегі фото
Кісен, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үй тонауды кәсіп қылған Шымкенттің 4 тұрғыны жәбірленушілерге бірнеше миллион теңге шығын келтірген

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр – Sputnik. Түркістан облысы Ордабасы ауданының тәртіп сақшылары 40-тан астам пәтер ұрлығына қатысы бар қылмыстық топты құрықтады. Жәбірленушілерге бірнеше миллион теңге шығын келтірілген.

Тұрғындар үйлерінен телефондары, ақшасы мен басқа да бағалы заттары ұрланғанын полицияға хабарлаған. Айталық, жергілікті тұрғынның бірі мамыр айының басында жалпы құны 100 000 теңгелік екі ұялы телефоны ұрланғанын айтқан. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188 "Ұрлық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеуге алынды, деп хабарлады otyrar.kz.

Ордабасы аудандық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шараларының арқасында қылмыстық топ Шымкентте құрықтады. Олар қаланың 4 тұрғыны болып шықты, олардың екеуі бұрын сотты болған.

Ақтауда жезөкшелер ордасы анықталып, 12 жеңіл жүрісті қыз ұсталды – видео

Тергеп-тексеру барысында қылмыстық топтың Шымкент қаласы мен Ордабасы ауданындағы 42 пәтер ұрлығына қатысы бар екені анықталды. Күдіктілер түн жамылып, телефон мен ақша жымқыруды кәсіп қылған.

Сәуір айында Шұбарсу елді мекеніндегі үйге түсіп, ұялы телефонды ғана емес, жәбірленушінің автокөлігіндегі 200 000 теңгесін қолды қылған. Күдіктілер қамалды.

Жаңалықтар
0