НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр - Sputnik. Шереметьево әуежайында отқа оранған Sukhoi Superjet 100 ұшағының апаты экипаж қателігінен болуы мүмкін. Найзағай кезінде кейбір құрылғылар өшірілмей қалғаны туралы болжам жасалынып отыр , деп хабарлайды РИА Новости тәжірибелі ұшқыш Юрий Сытникке сілтеме жасап.
"Ұшақ рөлге бағынады ғой, яғни ол ұшқыштың қолында. Қазір бәрі ұшақта немесе жолақта ақаулар болды деп айта бастайды. Немесе ауа райының қолайсыздығы себеп болды деуі мүмкін. Алайда қолданыла бастағанған бері Sukhoi Superjet 100 ұшағына 13 рет найзағай түсті. Бірақ ұшаққа еш нәрсе болған жоқ. Сынаушы ұшқыштар күн күркіреп, найзағай болып тұрған аймақтарда әдейі ұшып көрді", - дейды Сытник.
Ол пилоттар найзағай кезінде автопилоттың және локатордың бірінші комлектісі мен ради стансаның бір комплектін өшірген жоқ деген пікірде.
"Сондықтан олар байланыссыз және автоматикасыз қалды", - дейді Сытник.
Сөйлескен сөздің жазбасы
Сейсенбі күні БАҚ пилот пен диспетчердің сөйлескен сөзінің жазбасын жариялаған болатын. РИА Новости-дің сенімді ақпарат көзі оның растығын дәлелдеген.
Тағы оқыңыз: Экипаж бен диспетчердің сөйлескен сөзінің жазбасы
Жазбадан найзағайдың әуе кемесіне айтарлықтай қауіпті болмағаны түсінікті. Төмендеу кезінде пилоттар ең нақты заманауи жүйелердің бірі - курстық-глиссадтық жүйені қолданады. Минут сайын радио байланыстың резервтік каналы арқылы диспетчерден ақпарат алып отырады.
Шереметьеводағы төтенше жағдай
Жексенбі күні кешке Мәскеудің Шереметьево әуежайында Sukhoi Superjet 100 ұшағы өртенді. Лайнер Мәскеуден Мурманскіге ұшып шыққан. 28 минуттан кейін экипаж әуежайға қайта оралуға шешім қабылдаған. Ұшақ қатты келіп қонып, шасси тіреуі сынып, қозғалтқыш өртенген.
Өртте 41 адам ажал құшты. Тек 33 жолаушы мен төрт экипаж мүшесі аман қалды.