Саясат

Сайлауда кімге дауыс бересіз – Қазақстанда мұндай сұрақты кім қоя алады

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматылықтар
Алматылықтар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Орталық сайлау комиссиясы қандай заңды тұлға сауалнама жүргізе алатынын мәлімдеді  

НҰР-СҰЛТАН, 8 мамыр — Sputnik. Президент сайлауына кандидаттар туралы қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу құқығы заңды тұлғаларға ғана беріледі, деп хабарлады Қазақстанның орталық сайлау комиссиясы.

"Сайлау туралы" заң нормаларының талаптарына сәйкес, Қазақстанда тіркелген, қоғамдық пікірге сұрау салу бойынша кемінде бес жыл тәжірибесі бар заңды тұлғалар ғана қоғамның кандидаттар туралы пікірін сұрауға құқылы, олар тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, ОСК-ны жазбаша түрде алдын ала хабардар етуі тиіс.

Қай кезде сауалнама нәтижесін жариялауға тыйым салынады

Қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижелерін, сайлау нәтижелерінің болжамдарын, сайлауға байланысты өзге де зерттеулерді, кандидаттарды не саяси партияларды қолдауға дауыс беру нәтижелерін дауыс беру күніне дейін бес күн ішінде және дауыс беру күні жариялауға тыйым салынады.

Тағы оқыңыз: Президенттікке үміткер үй жалдап тұратынын айтты 

Сауалнама жүргізетін тұлғалар нәтижелерді жариялауға тыйым салынған кезеңде интернет-ресурстарды, әлеуметтік желілерді және мессенджерлерді пайдаланбауы тиіс. Бұл норма қоғамдық пікірмен, атап айтқанда, Интернет желісінде фэйк хабарламалар құру және тарату жолымен манипуляциялауға жол бермеуді көздейді.

Қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу және оның нәтижелерін жариялау шарттарын бұзу әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз болып табылады (ӘҚБтК-нің 120-бабы).

Жаңалықтар
0