Видео

Мәскеудегі трагедия: ажал құшқан бортсерік соңғы рет не деп жазды – видео

Жазылу
 Максим Моисеев 22 жаста болды, бортсерік соңғы секундтарда жолаушыларға жанып жатқан ұшақтан шығуға көмектесуге ұмтылған

Шереметьево әуежайында Sukhoi Superjet 100 ұшағынан өрт шығуы салдарынан ондаған адам көз жұмды, жантүршігерлік трагедия бүкіл әлемді есеңгіретіп тастады.

Отқа оранған лайнерден жолаушыларды шығаруға бортсерік Максим Моисеев көмектескен. Адамдарды құтқара отырып, ол өзі көз жұмды. Максим Моисеев соңғы рет смс-хабарламаны сүйіктісіне жазған: "Мен сені сүйемін".

Тағы оқыңыз: Мәскеуде ұшақта түсірілген жантүршігерлік видео 

Көптеген адамның өмірін құтқарып қалған жігіт А. Покрышкин атындағы бастапқы ұшу дайындығынан кадет мектеп-интернатын аяқтаған. Оқу орны Максим туралы әңгімелеп берді.

Мектеп-интернаттың қызметкері Наталья Яскевичтің айтуынша, Максим Моисеев ұшақтың тұмсық бөлігінде тұруы тиіс болған, "бірақ ол стюардессамен ауысып, соққыны өзіне қабылдап, бәлеге ұшырайтынын алдын ала сезген тәрізді", - дейді ол.  

Яскевич Максимнің арқасында қаншама адамның өмірі құтқарылды деген ойда.  

Ол қаза болған мектеп түлегінің суретіне қарап отырып: "Максим біздің есімізде дәл осы күйінде қалды", - деді.

Шереметьеводағы төтенше жағдай

Жексенбі күні кешке Мәскеудің Шереметьево әуежайында Sukhoi Superjet 100 ұшағы өртенді. Лайнер Мәскеуден Мурманскіге ұшып шыққан. 28 минуттан кейін экипаж әуежайға қайта оралуға шешім қабылдаған. Ұшақ қатты келіп қонып, шасси тіреуі сынып, қозғалтқыш өртенген.

Өртте 41 адам ажал құшты. Тек 33 жолаушы мен төрт экипаж мүшесі аман қалды.  

Тағы оқыңыз: Отқа оранған ұшақтың әуежайға қонған сәтінің видеосы  

Жаңалықтар
0