НҰР-СҰЛТАН, 8 мамыр – Sputnik. "Қазгидромет" синоптиктері 2019 жылдың 9-13 мамырына болжам жасады.
9-13 мамыр күндері ауа райы қандай болады
9 мамырда Қазақстан аймағының басым бөлігіне антициклон мен оңтүстік-батыс тропосфералық ағындар әсер етіп, ауа райы жылы әрі жауын-шашынсыз болады.
Алдағы үш тәулікте де ауа райы күрт құбылмайды. Батыс облыстарда күндіз ауа температурасы плюс 30…38°С дейін жоғарылап, найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. Оңтүстік және орталық өңірлерде күн жылы әрі жауын-шашынсыз болмақ.
Тағы оқыңыз: Мамыр айында қазақстандықтар қанша күн демалады?
Аптаның соңында суық атмосфералық фронт пен Карск теңізінен келген антициклонның әсерінен солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс облыстардың кей жерінде өткінші жаңбыр жауып, ауа температурасының біртіндеп төмендейді.
Ауа райы болжамы: Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан
Нұр-Сұлтан қаласында 9 мамырда түнде 15 градус жылы болса, күндіз ауа температурасы 29 градусқа дейін көтеріледі. 10-12 мамыр аралығында біртіндеп төмендеп, 13 мамырда түнде +12 градус, күндіз +15 градус болады.
Алматыда 9-13 мамыр аралығында түнде ауа температурасы +12...+16 градус болса, күндіз +24...+25 градус аралығында құбылады.
Шымкентте мереке күндері түнде 17-19 градус аралығында жылы болса, күндіз 29-31 градус аптап болмақ.