Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 8 мамыр

© Sputnik / Владислав Воднев8 мамыр - күнтізбе
8 мамыр - күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Григориан күнтізбесі бойынша 128-ші күн, жыл соңына дейін 237 күн бар

8 мамырда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

8 мамырда қандай айтулы оқиға болды

8 мамыр – екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алуға арналған Зерде және татуласу күні. 2004 жылғы 22 қарашада БҰҰ бас ассамблеясы 8-9 мамырды зерде және татуласу күні деп жариялады. Осылайша, ұйымға мүше мемлекеттерге жеңіс күнін, азат етілген күнді және мереке күнін белгілеуге мүмкіндік берілді. Сонымен қатар БҰҰ-ға мүше ұйымдарға, әрі үкіметтік емес ұйымдарға және жеке тұлғаларға жыл сайын осы екі күннің біреуін немесе екеуін де Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандары еске алу күні ретінде атап өтуге шақырды;

Сондай-ақ, бұл күн Еуропада Жеңіс күні ретінде мерекеленеді. 1945 жылдың 7 мамырында Франциясының Реймс қаласында үшінші рейхті капитуляциялау туралы актіге қол қойылды. Бірақ бұл акт Кеңес одағының басшысы Иосиф Сталинді қанағаттандырмайды. Сөйтіп, актіге қайта қол қою Мәскеу уақытымен 9 мамырда сағат 00:43-те өтті. Бірақ, бұл еуропалық уақыт бойынша 8 мамыр еді. Сондықтан көптеген антигитлерлік коалиция елдері Жеңіс күнін 8 мамырда атап өтеді.

Бүгін – дүниежүзілік Қызыл жарты ай және Қызыл крест күні. Атаулы күн 1953 жылдан халықаралық "Қызыл Крест" қоғамының негізін қалаушы, швейцариялық гуманист, қоғам қайраткері, Нобель сыйлығының иегері Анри Дюнанның құрметіне жыл сайын аталып өтеді. Қозғалыс 1863 жылы жаралыларға көмек көрсету жөніндегі халықаралық комиссия құрылған кезде пайда болады. Кейін қозғалыс мүшелері соғыс майдангерлеріне және ұрыс барысында жарақаттанғандарға көмек көрсетеді. Ал 1864 жылдың тамызында Швейцарияда қол қойылған конвенцияға сәйкес, дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің символы ретінде ақ түстегі Қызыл Крест алынған. 1906 жылы Осман империясында мұсылман елдерінің Қызыл Крестке ұқсас Қызыл Жарты ай қайырымдылық қоры құрылды. Осы екі ұйым да Женева қаласында штаб-пәтері орналасқан халықаралық комитетке қарайды.

Бұл ұйымның өкілдерінің тұтқындар мен босқындар лагерлері аймағына еш кедергісіз өтуге құқығы бар. Бүгінде екі ұйым әлемнің 180 еліндегі 400 миллионнан астам адамды біріктіреді.

2002 жылы Қазақстанда Қызыл жарты ай ұлттық қоғамы құрылып, 2003 жылдың желтоқсанында Қызыл крест және Қызыл жарты ай қоғамдары халықаралық федерациясына қабылданды.

8 мамырда әлемде болған тарихи оқиғалар

1895 жылы Қытай Тайвань аралын Жапонияға берді;

1902 жылы Мартиника аралындағы Мон-Пеле вулканы жарылып, 20 мыңға жуық адам қаза тапты;

1903 жылы бірінші "Лебоди" дирижаблі аспанға көтеріліп, 37 шақырым жол жүрді;

1970 жылы әлемге танымал ұлыбританиялық The Beatles тобы Let It Be дискін шығарды.

8 мамырда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1975 жылы Алматы қаласындағы 28-панфиловшылар саябағында Даңқ мемориалы ашылды. Сәулетшілері – Т.Бәсенов, Г.Сейдалин, В.Ким. Мүсіншілері – В.Андрющенко, Р.Артимович;

1993 жылы тәуелсіз Қазақстанның тарихында алғаш рет Алматыдағы Республика алаңында әскери шеру өтті;

2009 жылы Қазақстан астанасындағы Көктал кентіндегі саябақта екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан жауынгерлердің құрметіне мемориалдық барельефтің салтанатты ашылу рәсімі өтті. С.М.Киров кеңшарынан майданға аттанып, қаза тапқан 74 жауынгердің есімі жаңа тақтаға жазылды;

2009 жылы Ресей президенті Дмитрий Медведевтің Жарлығымен Қазақстандағы Михаил Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс театрының әртісі Владимир Толоконников "Достық" орденімен марапатталды;

2010 жылы Мәскеуде ТМД аясында өзара ынтымақтастықты дамыту болашағы туралы өзекті мәселелер талқыға салынды. Саммитке Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина, Молдова, Өзбекстан президенттері қатысты;

2015 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы отан соғысындағы жеңістің 70 жылдығына орай ұйымдастырылған әскери парадқа қатысу үшін Мәскеуге ресми сапармен барды. Онда Қазақстан президенті ТМД мемлекет басшыларының бейресми саммитіне, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты;

2016 жылы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен БҰҰ Бас ассамблеясында "Діндер бейбітшілік жолында" атты диалогы өткізілді.

8 мамырда дүниеге келген танымал тұлғалар

1940 жылы АҚШ жазушысы және сценарисі Питер Бенчли дүниеге келді. Ол оқырмандарға "Челюсти" романымен таныс. Кітаптың желісі негізінде америкалық режиссер Стивен Спилберг кино түсірген болатын;

1961 жылы ресейлік актер және режиссер Владимир Шевельков дүниеге келді. Ол "Гардемарины, вперед!", "Сердца трех", "Приключения принца Флоризеля" фильмдері арқылы көрерменге танымал;

1975 жылы испаниялық әнші Энрике Иглесиас дүниеге келді. Оның әкесі – Хулио Иглесиас. Ол да әйгілі эстрада жұлдызы;

1981 жылы украиналық музыкант, әнші және тележүргізуші Алексей Потапенко дүниеге келді. Ол тыңдарманд мен көрерменге Потап псевдонимімен танымал.

8 мамырда Қазақстанда кім туды

1916 жылы Кеңес одағының батыры Хамит Көбіков дүниеге келді;

1928 жылы химия ғылымының докторы, профессор Әлімжан Дадабаев дүниеге келді;

1936 жылы қоғам қайраткері, КСРО Мемлекеттік банкінің үздігі Мырзадан Жолдасбеков дүниеге келді;

1937 жылы "Қазақфильм" киностудиясының және Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері, режиссер Асанәлі Әшімов дүниеге келді;

1940 жылы жазушы Жақсылық Сәмитұлы дүниеге келді;

1955 жылы Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Роман Ким дүниеге келді;

1964 жылы Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Серік Құсайынов дүниеге келді;

1970 жылы Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Айзада Құрманова дүниеге келді;

1971 жылы Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Роман Cкляр дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Шаян белгісінде орналасады. Жеңіл сезімге берілмеуге тырысқан жөн. Сан соғып қалмау үшін сабыр сақтап, қандай жағдай болмасын, ақылмен шешуге тырысыңыз.

Жаңалықтар
0