Әлем

Аптасына 2,5 сағат жеткілікті – өмірді ұзартудың жолы табылды

© Photo : Yerson Retamalәйел
әйел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ғалымдар 2,5 сағат спортпен айналысудың адам денсаулығына қандай пайдасы барын анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 7 мамыр — Sputnik. Ағылшын зерттеушілері демалыс күндері жасалатын жаттығудың ерте өлу қаупін төмендететінін анықтады. Бұл туралы Medicalxpress порталы JAMA Internal Medicine басылымында жарияланған зерттеу нәтижесіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Мамандардың айтуынша, көп адамның жұмыс күндері спортпен шұғылданатын уақыты жоқ, олар тек демалыс күндері ғана жаттығу жасайды. Бірақ оның пайдасына көпшілік сенімсіздікпен қарайды. Бірақ жаңа зерттеу мұндай жаттығулардың адам денсаулығын нығайтып, өмірді ұзарта алатынын дәлелдеді.

"Егер жұмыс күндері жаттығу жасауға мүмкіндігіңіз болмаса, бұл одан толыққанды бас тарту керек деген сөз емес. Зерттеушілер демалыста 150 минут спортпен шұғылданатын адамдардың ерте өлу қаупін 30 пайызға қысқартатынын анықтады", - деп жазады портал.

Дәрігерлердің айтуынша, егер адамдар спортпен жиі, бірақ аз уақыт (аптасына 150 минуттан аз) айналысса, олар созылмалы ауруларға сирек шалдығады.  

Жаңалықтар
0