Қоғам

2020 жылдан бастап көпбалалы ата-аналардың салығы азаяды

© Sputnik / Болат ШайхиновСалық
Салық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көпбалалы отбасының екі ата-анасының жылдық шегерісі 282 АЕК-тен аспауы керек

НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. 2020 жылдан бастап көпбалалы ата-ананың біреуіне ай сайын 23 АЕК салық шегерісі есептелген, бірақ ата-ананың екеуін қоса алғанда жылдық салық шегерісі 282 АЕК-тен аспауы тиіс, деп хабарлады Қазақстанның қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті.

Өзгертулер Қазақстан Республикасы кодексінің 2017 жылдың 25 желтоқсанындағы "Салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы" 347-бабында қарастырылған. Бұл баптың күші 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылған еді.

Тағы оқыңыз: Назарбаевтың тапсырмасымен құқықтық актілерге өзгерістер енгізіліп жатыр

Көпбалалы отбасыға арналған салық шегерісі 2020 жылдың 1 қаңтарында төрт немесе одан көп кәмелеттік жасқа толмаған баласы бар жеке тұлғаларға қатысты қолданылады. Көпбалалы отбасы екені балалардың туу куәлігімен расталады.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің 2018 жылдың 1 ақпанындағы №102 бұйрығы бойынша салық шегерісін қолдану туралы жеке тұлғаның өтініш формасы бекітілді. Бұл өтінішті жұмыс берушіге тапсыру қажет.

Жаңалықтар
0