Қоғам

Күрішті күнделікті жесе, не болады — ғалымдар зерттеуі

© Sputnik / Виталий Тимкив / Медиабанкке өтуКүріш, архивтегі сурет
Күріш, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Жапониялық ғалымдар жиі күріш жейтін адамдардың артық салмақтан арылатынын анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр — Sputnik. Жапониялық ғалымдар күріш жеудің арқасында семіздіктен "құтылуға" болатынын анықтады, деп хабарлайды EurekAlert порталы.  

Дошиш (Киото) әйелдер гуманитарлық колледжінің зерттеушілері 136 ел тұрғындарының тамақ мәзірін зерттеген. Орташа есеппен күніне 150 грамм күріш жейтін адамдар өзгелерден әлдеқайда арық болып шықты. Күрішті он есе аз жегендер болса, керісінше, артық салмақ қосқан.  

Тағы оқыңыз: Бір ай ішінде қарындағы майдан қалай арылуға болады?

"Тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын ескерген кезде де, күріш жеу мен артық салмақтың байланысы сақталды", - дейді ғалымдар.

Олар күріш құрамындағы нәрлі заттар адамның тамаққа тою сезімін күшейтіп, артық тамақтанудың алдын алады. Сондай-ақ, оның құрамында май өте аз. Сондықтан күріш жеген кезде қан құрамындағы қант деңгейі айтарлықтай өспейді. Алайда диетолог мамандар тағамның мөлшерін білу керек екенін айтады. Өйткені күрішті өте көп жеу диабет пен метаболиттік синдромға шалдығу қаупін арттырады.

Тағы оқыңыз: Нанның ешкім күтпенген қаупі анықталды

Мамандар күріш жеу мен семірудің арасындағы байланысты нақты анықтау үшін әлі қосымша зерттеу керек екенін айтты.

Жаңалықтар
0