Саясат

Тоқаев үгіт-насихат кезінде президенттік өкілеттігін тоқтата ма – Nur Otan жауабы 

© Sputnik / Владислав ВодневВывеска партии Nur Otan на здании, архивное фото
Вывеска партии Nur Otan  на здании, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2019 жылғы президент сайлауына ресми тіркелген алғашқы кандидаттың штабында сенімді тұлға жұмыс істейді  

НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр — Sputnik. Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үгіт-насихат науқанын жүргізу кезінде мемлекет басшысы өкілеттігін тоқтатпайды. Бұл туралы Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Орталық сайлау комисиясындағы брифингте айтты.

Оның айтуынша, заңда президент өкілеттігін тоқтату жөнінде талап жоқ. 

© Photo : Официальный сайт ЦИК РКNur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев
Тоқаев үгіт-насихат кезінде президенттік өкілеттігін тоқтата ма – Nur Otan жауабы  - Sputnik Қазақстан
Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев

"Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің заңдарына сәйкес, Қазақстан президенті міндетін толық атқарады. Егер үгіт-насихат шараларына қатысатын болса, барлық іс-әрекет заңдарға сәйкес жүзеге асылуы тиіс. Яғни, үгіт-насихат жүргізілетін орын дайындалуы керек, қоғамдық штаб пен тиісті заңды тұлға арасында келісім болуы керек", - деп жауап берді журналистердің сұрағына Әшімбаев.

Nur Otan төрағасының бірінші орынбасары Тоқаевтың штабының үгіт-насихат іс-шараларында сайлау туралы заңға сәйкес оның сенімді адамы жұмыс істейтінін атап өтті. Бүгін ОСК Қасым-Жомарт Тоқаевты кандидат ретінде тіркеді.

Тағы оқыңыз: Конституциялық кеңес Тоқаевтың өтінішіне байланысты шешім шығарды  

Ол республиканың барлық өңірінен 315 мың қол жинаған.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтеді.  

Жаңалықтар
0