Оқиға

"Біз көппіз" Сайлаудың әділ өтуін талап еткен қазақстандықтар көшеге шықты

© Sputnik / Анна ПлатоноваАлматылықтар митингке шықты
Алматылықтар митингке шықты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Куәгерлер наразылық шеруіне шыққандарды тәртіп сақшылары ұстап алып кеткенін хабарлап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 1 мамыр – Sputnik. Бүгін 1 мамырға арналған халықтық серуен кезінде елорда тұрғындары көшеге шығып, президент сайлауының әділ өтуін талап етті.

Sputnik Қазақстан тілшісі хабарлағандай, наразылық шеруі Абай көшесінен Республика даңғылына дейінгі аумақта болған. Полиция өкілдері азаматтар қоғамдық тәртіпті бұзбаса, шеруге араласпайтынын мәлімдеді.

"Біз әділ сайлауды қалаймыз – біз көппіз", - деп қайталады наразы жұрт.

Кейін қала әкімдігінің алдындағы алаңда адамдарды ұстап, автобустарға отырғыза бастады.

"Не үшін ұстап жатырсыз?", - деп сұрады ер адам Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті басшысының орынбасары Бақытжан Малыбаевтан.

"Заңды бұзғаны үшін",- деп жауап берді Малыбаев.

Көп ұзамай алаңға жиналғандардың алдына елордалық полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденовтің өзі шықты.

Плакат үшін 15 тәулік: Министр Алматы марафонында ұсталғандарға қатысты түсініктеме берді

Ол жиналғандармен сөйлесіп, заң аясында әрекет етуді және қоғамдық тәртіпті бұзбауды сұрады.

"Ұсталғандарды босатамыз. Бірақ, алдымен бәрі тарап, тәртіп орнағаны қажет. Сабырлық сақтаңыздар. Біз өз қызметкерлерімізбен мән-жайды анықтаймыз. Заңды бұзған адам жазасын алады. Бейнематериалдар бар", - деді Сәденов.

Плакат үшін темір тордың ар жағынан бір-ақ шыққан белсенді аштық жариялады

Алматылықтар да көшеге шықты

Sputnik Қазақстанның Алматыдағы тілшісі хабарлағандай, Горький атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағына да жүздеген адам жиналған.

© Sputnik / Анна ПлатоноваАлматыда адамдар митингке шықты
Біз көппіз Сайлаудың әділ өтуін талап еткен қазақстандықтар көшеге шықты - Sputnik Қазақстан
Алматыда адамдар митингке шықты

Көшеге шыққан халық Қазақстанда сайлаудың әділ өтуін талап еткен. Бас көтерген ондаған адамды полицейлер ұстап әкетті. Олар Медеу ауданы ІІБ-ге жеткізілген.

© Sputnik / Анна ПлатоноваАлматыдағы митинг
Біз көппіз Сайлаудың әділ өтуін талап еткен қазақстандықтар көшеге шықты - Sputnik Қазақстан
Алматыдағы митинг

Президент сайлауы  

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы осы жылдың 9 маусымында өтеді.

Жаңалықтар
0