Қоғам

Бұршақ жаууы мүмкін: 2 мамырдағы ауа райына болжам

© Sputnik / Дмитрий Паршин / Медиабанкке өтуШөпте жатқан бұршақ, архивтегі сурет
Шөпте жатқан бұршақ, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысы мен оңтүстік-батысында күн ашық болады

НҰР-СҰЛТАН, 1 мамыр – Sputnik. Бейсенбі күні еліміздің басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуінен ауа райы жауын-шашынды болады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, найғазай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін.

Өңірлердегі ауа райы

Жамбыл, Түркістан, Алматы, Шығыс Қазақстан, күндіз Қызылорда облыстарында кей жерлерде найзағай ойнап, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, бұршақ түсуі мүмкін.

Нұр-Сұлтанда жазға бір ай қалғанда қар жауып, боран соқты - видео

Алматы, Жамбыл, түнде және таңертең Батыс Қазақстан облыстарында тұман түседі деп болжанып отыр.

Ақтөбе облысында кейбір жерлерде желдің жылдамдығы секундына 18 метрге дейін жетеді.

Атырау облысының басым аумағында күндіз жел күшейіп, шаңды дауыл көтеріледі.

Синоптиктер алдағы жарты жылға болжам жасады

Қарағанды облысында – тұман, бұршақ жаууы мүмкін, жел күшейеді.

Ақмола және Қостанай облыстарында тұман түседі деп болжанып отыр.

Мегаполистерде ауа райы қандай болады

Елордамыз Нұр-Сұлтанда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, ауа температурасы +10 градусқа дейін көтеріледі.

Алматыда – жаңбыр, +18 градус жылы.

Бір күнде қысқа айналды: қалың қар астаналықтарды әуреге салып қойды – видео

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, күн ашық. Сынап бағанасы +19 градусты көрсетеді.

Дабылды ескерту

2-3 мамыр күндері жауын-шашынға байланысты Алматы облысы мен Алматы қаласына іргелес аудандарда өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін.

Жаңалықтар
0