НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір – Sputnik. Санкт-Петербург қаласында жасөспірімдер үш сағат бойы мәйіттің қасында ойнап жүрді, деп хабарлайды Вести.
Дәрігерлер орындықта ес-түссіз жатқан ер адамды әуелі қарап шыққан. Оның қайтыс болғанына көз жеткізген ақ халаттылар мәйіттің үстін матамен жауып, өздері кетіп қалады.
Орындықта үсті жабулы жатқан мәйітті жергілікті тұрғын видеоға түсіріп алған.
Өліктің қасындағы ойын алаңында балалар еш алаңсыз асыр салып жүр.
Басылым атап өткендей, ер адамның денесін мәйітханаға алып кеткенше үш сағат бойы сол жерде жатқан.