Мәдениет

Тойларға шықпайды: Ержан Максимнің әкесі ұлының шоудан кейін не істейтінін айтты

© Sputnik / Владислав ВодневЕржан Максим
Ержан Максим - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әкесінің айтуынша, Ержан Мәскеуге бару үшін ақшаны өзі жинаған

НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір – Sputnik. "Голос. Дети" шоуының финалисі Ержан Максимнің әкесі "Уральская неделя" басылымына берген сұқбатында ұлының ресейлік байқаудан кейінгі өмірі қандай болатынын айтып берді.

Енді тойларда ән айтпайды

Әкесінің айтуынша, Ержан алты жасынан бастап үйлену тойларында ән шырқап, азды-көпті ақша тауып, отбасына көмектесіп тұрған екен. Ержанның әкесі Ербол такси жүргізеді, ал анасы Гүлмира Әлібек үй шаруасымен айналысады. Баланың талантын шыңдауға көп күш салған да анасы екен.

Ержан Максим - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Ержан Максим: Димаш ағама "спасибо" деп жіберіппін, ескерту жасады  
"Күні бойы жалықпастан ән шырқауы мүмкін. Көлігімде отырып ән айтқан кезде, тұла бойым шымырлап кетеді... Екінші тынысы ашылғанда, осындай сезімде боламын. Сол кезде мен бірден "Ержан, тоқта" деймін. Дауыс желбезегі үзіліп кете ме деп қорқамын", - дейді Ербол басылымға берген сұқбатында.

Тойларда өнер көрсеткенінің арқасында Ержан "Голос. Дети" шоуына қатысу үшін Мәскеуге баруға шамалы ақша жинап үлгерген. Дегенмен, барлық шығынды жабу үшін Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновтен көмек сұрауға тура келіпті. Шенеунік те баланың бетін қақпаған, демеуші табуға көмектескен.

Енді Ержан мерекелерде өнер көрсетпейді, дейді әкесі.

Ержан Максим Назарбаев пен Тоқаевтың алдында алғаш рет ән айтты – видео

"Енді онымен суретке түскісі келетіндер көбейеді. Оған бұл қажет емес, мұндайды ұната қоймайды", - деп түсіндірді Ербол.

Алла Пугачевамен кездесу қалай өтті?

Ержанның әкесі ұлының примадоннна Алла Пугачевамен болған кездесуі қалай өткенін әңгімелеп берді.

"Бірінші орын алмағаным жақсы болды" Ержан Максим "Голос. Дети" жайлы пікір білдірді

"Олар сол күні Мәскеуден ұшып шығуы тиіс еді, қолдарында билеттері болған. Бірақ оларға телефон соғып, әйгілі әртістің олармен кездескісі келетінін айтады. Әншінің есімін атамапты. Керемет тосын сый болды. Пугачева ұлымызға: "Ержан, сен әлемдік әртіс боласың" деген", - дейді әкесі.

Мәдениет және спорт министрі мен Голос. Дети шоуының экс-қатысушысы Ержан Максим 
 - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
"Голос. Дети" байқауындағы дау: министр Мұхамедиұлы пікір білдірді
"Голос. Дети" шоуындағы дау

Еске сала кетсек, 26 сәуірде Ресейдің бірінші арнасында "Голос. Дети" шоуының финалы көрсетілді. Дауыс беру қорытындысы бойынша әнші Алсудың қызы Микелла Абрамова (56,6%) жеңіске жетті. Ал 12 жастағы оралдық Ержан Максим 27,9% дауыспен екінші орын иеленді. Бірақ көрермендер финал әділ өтпегенін айтып, шу шығарды. Көптеген ресейлік әртістер қазақстандық әншіге қолдау білдіріп, оны нағыз жеңімпаз деп білетінін айтты.

Бұл резонанстан кейін "Голос. Дети" шоуы өткізілген Бірінші арнаның басшылығы дауыс берудің тәуелсіз тексерісін өткізуге мәжбүр болды.

Жаңалықтар
0