НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Ассамблея төрағасының орынбасарларын тағайындады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Тағы оқыңыз: Асылы Осман қазақ тілінің неге дамымай жатқанын айтты
Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясында Назарбаев Ассамблея төрағасының екі орынбасарын тағайындады.
"Биыл Ассамблея кеңесі бұл лауазымдарға ҚХА мүшесі, "Вайнах" шешен-ингуш мәдени орталығының мүшесі, кәсіби медиатор Юсуп Келигов пен Нұр-Сұлтан қаласының "Өзбек этномәдени орталығы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі Шерзод Пулатовты тағайындау туралы ұсыныс енгізді", - деді Назарбаев ҚХА сессиясында.
Назарбаев екі орынбасарының да белсенді әрі жемісті қызметімен көзге түскенін атап өтіп, Ассамблея оларды жақсы танитынын айтты.
Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы басталды
Айта кетсек, елордада Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы, ҚХА төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Ассамблеяның XXVII сессиясы басталды. Биылғы сессияның тақырыбы – "Бейбітшілік пен келісім формуласы: бірлік және жаңғыру".
Сессия жұмысына ҚХА-ның 487 мүшесі қатысып отыр.