Қоғам

"Жазадан құтылмайды" Назарбаев желіде бет-бейнесін жасыратындар туралы айтты

© Photo : официальный сайт АНКҚазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсуұлтан ҚХА сессиясында
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсуұлтан ҚХА сессиясында - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Назарбаев желі арқылы арам пиғылын іске асырғысы келетіндердің жазасыз қалмайтынын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев цифрлық коммуникациялардың зиянына тоқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев желі арқылы арам пиғылын іске асырғысы келетіндердің жазасыз қалмайтынын атап өтті. 

"Қазіргі заманның жаһандық сын-қатерлерінің бірі – коммуникациялық технологиялардың дамуы. Оның игілік әкелетіні сөзсіз, бірақ деструктивті әлеуеті де бар. Цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері этникалық және дінаралық жек көрушілік отын тұтатып, тіпті теракт жасауға пайдаланылып жатыр. Олар желіде өздерінің бет-бейнесін жасырып, жазадан құтылып кетеміз деп ойлайды. Бірақ құтылмайды", - деді Назарбаев ҚХА сессиясында.

Елбасы олармен күресу үшін мемлекеттер батыл шараларды қолға алуы қажет екенін атап өтті. Ол мұның бәрі еліміздегі бірлік пен келісімді, бейбітшілікті сақтаудың маңыздылығын көрсететінін айтты.

Тағы оқыңыз: Назарбаев: билікті қолдан шығарып алсақ, тәуелсіздіктен айырыламыз

"30 жыл бұрын белгілі халықаралық сарапшылар Орталық Азия, соның ішінде біздің еліміз қақтығыс пен қантөгіс ошағына айналады деп айтқан болатын. Бұл өңірдегі мемлекеттердің болашағы жоқ, жанжал әлегіне түсіп, жойылып кететінін сенімді түрде болжаған еді. Бірақ, тәуелсіздік жылдарында біз, Қазақстан халқы бұл деструктивті болжамдарды сенімді түрде жоққа шығардық", - деді Назарбаев.

Сондай-ақ, Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды президент сайлауына белсенді қатысуға шақырды. 

Назарбаев наурыз айында президенттік өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдағанын тағы бір мәрте еске салды. Елбасы өзінің бұл қадамына әлемнің көптеген елінің көшбасшылары қолдау көрсеткенін айтты.

"Елде үрей, алаңдаушылық болғанын білемін. Қазір уақыт бір орында тұрмайды, барлығы өзгеріп жатыр, біз де өзгеруіміз керек. Бұл әбден ойланып-толғанып қабылданған шешім, сондықтан бұған қатысты сіздерде ешқандай күмән қалмасын", - деді Назарбаев ҚХА сессиясында.

Елбасы президенттік сайлауға Nur Otan партиясының атынан түсетін қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты нағыз патриот деп атады.

"Қасым-Жомарт Тоқаев бәріне жақсы таныс. Ол дана мемлекет қайраткері, Қазақстанның нағыз патриоты, елімізді басқаруға әбден лайық. Барша қазақстандықты сайлауға белсенді қатысуға және бірлігімізді тағы бір мәрте көрсетуге шақырамын", - деді Назарбаев.

Тағы оқыңыз:  Тоқаев Назарбаевпен алғаш кездескен cәтті еске алды

Айта кетсек, елордада Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы, ҚХА төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Ассамблеяның XXVII сессиясы басталды. Биылғы сессияның тақырыбы – "Бейбітшілік пен келісім формуласы: бірлік және жаңғыру".

Сессия жұмысына ҚХА-ның 487 мүшесі қатысып отыр.

Жаңалықтар
0