Қоғам

Қандай адамдардың көзге шөп салуға бейім тұратыны анықталды

Жазылу
Yandex newsTelegram
Зерттеушілер адамның опасыздық жасауға бейім екенін көрсететін факторларды атап көрсетті

НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір — Sputnik. Квинсленд университетінің ғалымдары импульсивті, сондай-ақ төсектес серігі көп болған адамдардың көзге шөп салуға бейім тұратынын анықтады, деп жазады The Independent.

Басылымның атап өтуінше, ер адам мен әйелдің арасындағы әрбір қарым-қатынас бірегей, дегенмен адамның опасыздық жасауға бейім екенін көрсететін белгілі бір факторлар бар. 

Британдық психология журналында жарық көрген зерттеу қорытындысы бойынша импульсивті адамдар көп ойланып-толғанбайды, эмоцияға беріліп кетіп, көзге шөп салуы мүмкін. 

Сондай-ақ, зерттеушілердің айтуынша, өткен өмірінде төсектес серігі көп болған адам сүйіктісіне адалдық танытпай, басқаға көз сүзуі мүмкін. 

Бұдан бөлек, ғалымдар көзге шөп салудың басты себептері ретінде арадағы қарым-қатынасқа көңіл толмаушылық пен араның суып кетуін айтып отыр. Зерттеу көрсеткендей, қарым-қатынас ұзақтығының ер мен әйелдің бір-біріне адалдығына әсері аз. 

Тағы оқыңыз: Ғалымдар өлім алдында адамның қандай күйде болатынын анықтады

Бұған дейін мамандар арнайы зерттеу жүргізіп, адамдардың қандай жаста көзге шөп салуға бейім келетінін анықтаған еді. Ғалымдардың пікірінше, 29,39 және 49 жас мейлінше қауіпті екен.

Жаңалықтар
0