Өңірлер

Толассыз жауын-шашын: синоптиктер демалыс күндеріне болжам жасады

Жазылу
"Қазгидромет" 2019 жылдың 27-29 сәуіріне ауа райы болжамын ұсынады

НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір – Sputnik. "Қазгидромет" синоптиктері алдағы демалыс күндері - 27-29 сәуірге ауа райы болжамын жасады.

Метеоқызметтің хабарлауынша, көпжылдық мәліметке сәйкес Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында сәуір және мамыр айларында ең көп жауын-шашын мөлшері түседі. Бұған биылғы сәуір айы дәлел, себебі 25 күннің 19-ы жауын-шашынды болып, айлық нормадан көп жауын-шашын түсті. Республиканың басқа өңірлерінде де сәуір айы жауын-шашынды болады.

Тағы оқыңыз: Сәуір айына ауа райы болжамы

Сәуірдің соңғы демалыс күндері де  Баренц және Карск теңіздерінен келетін суық атмосфералық фронттардың әсерінен көптеген аймақта жаңбыр жауады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда жылбысқа қарға ұласып, ауа температурасы төмендейді. Жексенбіде оңтүстік және оңтүстік-шығыста күн ашық болғанымен, ауа райы салқындайды.

Ірі қалалардағы ауа райы

27 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында ауа райы түнде +1, күндіз +10 градус болады. Алматыда түнде ауа температурасы +6 градус болып, жаңбыр жауса, күндіз ала бұлтты, 14 градус жылы. Шымкентте түнде +8 градус, күндіз +16 градус болады.

Тағы оқыңыз: 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгерді?

28 сәуірде еліміздің астанасында ауа температурасы түнде +1, күндіз +16 градус болады. Алматыда түнде 8 градус жылы, ал күндіз сынап бағанасы 17 градусқа дейін көтеріледі. Шымкентте түнде 8 градус жылы, күндіз 19 градус нөлден жоғары.

29 сәуірде елордада ауа температурасы түнде +12 градус болса, күндіз 21 градусқа дейін жылынады. Оңтүстік астанада түнде 11 градус жылы, күндіз +18 градус болады. Шымкентте түнде +9 градус, күндіз +21 градус болады.

Жаңалықтар
0