Спорт

Құлахмет 20 секундта қарсыласының мұрнын сындырып, финалға шықты – видео

© Photo : Казахстанская федерация боксаҚазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет, архивтегі сурет
Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дәрігерлер түрікмен боксшысына кездесуді жалғастыруға рұқсат бермеді

НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір — Sputnik. Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет Бангкокта өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының жартылай финалында түрікменстандық Нурсахат Паззыевті 20 секундтың ішінде жеңді.

75 килограмм салмақта жұдырықтасатын отандасымыз қарсыласының мұрнын сындырды, дәрігерлер оған кездесуді жалғастыруға рұқсат бермеді.  

Жекпе-жектің видеосы instagram-дағы @prof_kz_tukeshov парақшасында жарияланды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от TUKESHOV BOXING PROMOTIONS (@prof_kz_tukeshov)

Айта кетейік, Құлахметтен бөлек, финалға тағы үш қазақ боксшысы шықты, олар – Қамшыбек Қоңқабаев (91 килограмм), Зәкір Сафиуллин (60 килограмм) және Бек Нұрмағанбет (81 килограмм).

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от TUKESHOV BOXING PROMOTIONS (@prof_kz_tukeshov)

Видеода Бек Нұрмағанбеттің жеңіске жеткен сәті

Қазақстандық боксшылар алтын медаль үшін 26 сәуірде жұдырықтасады.

Өкінішке қарай, қазақ елі "алтын" алады деп күткен Василий Левит жартылай финалда күтпеген жерден нокаутқа түсіп қалды. Олимпиаданың күміс жүлдегері Оңтүстік Корея боксшы Ким Хьен Кюмен кездескен еді. Жекпе-жектің видеосы төменде.  

Жаңалықтар
0