Саясат

Кәсіподақтар федерациясынан президенттікке кандидат құжатын тапсырды – ОСК

© Photo : предоставлено пресс-службой Федерации профсоюзов КазахстанаБатыс Қазақстан облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Амангелді Таспихов
Батыс Қазақстан облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Амангелді Таспихов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Амангелді Таспихов Кәсіподақтар федерациясы атынан жалғыз кандидат ретінде сайлауалды жарысқа түседі

НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір — Sputnik. Қазақстан кәсіподақтар федерациясы ұсынған президенттікке кандидат, Батыс Қазақстан облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Амангелді Таспихов Орталық сайлау комиссиясына құжатын тапсырды.

Президент сайлауына экс-депутат Амангелді Таспиховтың кандидатурасын ұсыну туралы шешім Кәсіподақтар федерациясының атқару комитетінің отырысында қабылданды.  

"Ақ жол" демократиялық партиясы алдағы президент сайлауына өз кандидатын ұсынды

"2019 жылдың 25 сәуірінде Орталық сайлау комиссиясына  "Қазақстан Республикасының кәсіподақтар федерациясы" Республикалық кәсіподақтар бірлестігі президенттікке кандидат ретінде Амангелді Сатыбалдыұлы Таспиховтың құжаттарын тапсырды", - деп жазылған Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы таратқан ақпаратта.

 ОСК Амангелді Таспихов 2019 жылдың 26 сәуірінде мемлекеттік тілден емтихан тапсыратынын атап өтті.

Амангелді Таспихов кім

Амангелді Таспихов 1959 жылы 20 қарашада Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Негізгі мамандығы – инженер-механик. 1998-2002 жылдары парламент сенатының депутаты, 2004-2007 жылдары мәжіліс депутаты болды. Кейін Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты қызметін атқарды. Қазір ол Батыс Қазақстан облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы.

Тағы оқыңыз: Nur Otan съезінде Назарбаевтың көңілі босап кетті – видео

Кезектен тыс президент сайлауы

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 сәуірде ел халқына үндеу жасап, елде кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялады. Мемлекет басшысы сайлауды 2019 жылдың 9 маусымына белгіледі.

Тағы оқыңыз: Қазақстандықтар Назарбаевқа сайлауға түсуін сұрап хат жазып жатыр

Президенттікке кандидаттарды ұсыну 28 сәуір сағат 18:00-ге дейін жалғасады. Үміткерлерді елімізде тіркелген саяси партиялар мен республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсына алады. Әр кандидат 118 140 сенімді сайлаушының қолын жинауы тиіс. Кандидаттарды тіркеу 11 мамырға дейін жалғасады.

Кезектен тыс президент сайлауына үкімет резервінен 9,4 миллиард теңге бөлінетін болды. Қаржының негізгі бөлігі республика бойынша құрылатын 10 мың сайлау учаскесінің жұмысын ұйымдастыруға бағытталмақ.

Кандидаттарға қойылатын талаптар

Президенттікке кандидат тумысынан Қазақстан азаматы, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді меңгерген, соңғы 15 жыл бойы Қазақстанда тұратын және жоғары білімі бар республика азаматы болуы тиіс. 

Бұған қоса, президент болып сайлану үшін азаматтың мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі, сондай-ақ белсенді сайлау құқығы болуы тиіс.

Сондай-ақ, Қазақстан президенттігіне ұсынылатын кандидаттар 107 түрлі жүйке дертіне тексеріледі.

Жаңалықтар
0