Саясат

Перуашев президент сайлауына неге түспегенін айтты

© Sputnik / Абзал Калиев"Ақ жол" демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев
Ақ жол демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұр-Сұлтанда "Ақ жол" демократиялық партиясының съезі өтті

НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. "Ақ жол" демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев кезектен тыс президент сайлауына неге қатыспайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Осы сайлауға қатысудан бас тартып отырмын. Неге десеңіздер, біріншіден біздің партиямыз парламенттік жүйені қалайды. Бұл біздің сайлау алдындағы бағдарламамыздың жобасында да айтылған. Бірінші орында парламенттік сайлау болуы керек", - деді Перуашев өзі жетекшілік ететін партияның съезінде.

"Ақ жол" партиясынан президент сайлауына Дания Еспаева түседі

Ол бұл тек өзінің көзқарасы емес, Алаштың қалауы болғанын атап өтті.

"Алаштың конституциясында осындай талап, ұстаным болған", - деді ол.

Ол "Ақ жол" партиясын тек өзімен байланыстырмауға шақырды.

"Партия және партия төрағасы – бұл бір деген түсініктен кету керек. Бүгінде біз өңірлердегі партия көшбасшыларының да ұлттық деңгейде партия төрағасына бәсекелес бола алатынын, маңызды идеялар ұсына алатынын көріп отырмыз. Монополизм – табысты дамудың басты жауы. Егер біз партияның дамығанын қаласақ, бәсекені күшейтіп, жаңа тұлғаларға жол беруіміз керек. Сондықтан мен президент сайлауына қатыспау туралы шешім қабылдадым", - деді ол.

Айта кетсек, бүгін "Ақ жол" партиясының құрылтайы өтіп, алдағы кезектен тыс президент сайлауына түсетін үміткер таңдалды. Көпшілік дауысымен мәжіліс депутаты Дания Еспаева президенттік додаға қатысады.

Жаңалықтар
0