Қоғам

Мақпал Жүнісова жұрттың кредитін жауып жүргенін айтты

Жазылу
Әнші Мақпал Жүнісованың айтуынша, бұл өзінің емес, өзгенің кредиті екен

АЛМАТЫ, 24 сәуір – Sputnik. Халық әртісі, танымал әнші Мақпал Жүнісова кредит жауып жүргенін "Ревью" бағдарламасына берген сұқбатында айтты.

Әншінің айтуынша, бұл өзінің емес, өзгенің несиесі екен.

"Менің туысқандарым бар алып жатқан. Олар алады, мен жабамын несиені", - дейді ол.

Әнші шамасы келмеген соң бір-екі туысқанының несиесін кезінде жауып бергенін де айтты.

"Әлдеріңе неге қарамайсыңдар? Кредитті неменеге аласыңдар, жейтін наның, шәйің болса алдыңда. Киімің жыртық болмаса, соған Құдайға шүкір деңдер!" деп ұрстым өздеріне", - дейді Жүнісова.

Мәжбүрліктен несие алғандарды белгілі бір деңгейде түсінемін деген әнші көрсеқызарлықтан қарызға бататындарды, тіптен ұға алмайтынын айтады.

Тағы оқыңыз: Мақпал Жүнісова концертіне келген кейуананың қолын неге қайтарғанын түсіндірді - видео

"Несиені той жасаймын, көлік мінемін, жылтыраққа, өтірік атаққа қызығып, бәрін қарызданып алып жатады. Ал шындығында оның ешқандай қызығы жоқ, тек зияны болмаса", - дейді әнші.

Жаңалықтар
0