Қоғам

22 жыл бойы бостандықта тайраңдап жүрген: астаналық полицейлер қаскөйді қолға түсірді

© Sputnik / Тимур БатыршинТүрме, архивтегі сурет
Түрме, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қаскөйдің ақша табу үшін адам өлтіргені анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. Елордалық полиция бөлімі 22 жыл бұрын болған қылмысты ашты, деп хабарлайды Elorda Aqparat.

"Қылмыстық істердің біреуін қарау кезінде полиция қызметкерлері жаңа фактілерді анықтады. Күдіктілерді тауып, 20 жылдан астам уақыт бұрын жасалған қылмысты ашты",- деп хабарлады астананың полиция департаменті өзінің Facebook парақшасында.

18 жыл іздеуде болған қазақстандық киллер Ресейде ұсталды - видео

Қылмыстық іс материалдары бойынша 1997 жылдың наурыз айында жер үйлердің бірінде әйелдің мәйіті табылған. Қылмыскер үйдегі құнды заттарды да ұрлаған. 

Полиция департаментінің криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері оқиғаның мән-жайын 22 жылдан соң анықтады. Күдіктілер - бірнеше рет сотталған 1971 жылғы әйел мен 1970 жылы туған ер адам.

Жиырма жыл бұрын өлген балаға қатысты сұмдық ашылды

Сотқа дейінгі тергеу кезінде күдіктілер жасаған қылмысты мойындады. Қылмысты ер адамның жасағаны анықталды. Есірткі қабылдайтын күдікті ақшаға мұқтаж болыпты. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Жаңалықтар
0