Қоғам

Смартфонды неге 100 процентке дейін зарядтауға болмайды – маман түсіндірді

© Sputnik / Евгения Новоженина / Медиабанкке өтуСмартфонды қуаттау
Смартфонды қуаттау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тоқта тұрған смартфон 100 процент зарядты сақтау үшін әрі қарай қыза береді, дейді маман

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір - Sputnik. Смартфонды 100 процентке дейін зарядтау және құрылғының зарядын түк қалдырмай тауысу аккумуляторды тоздырады. Бұл туралы Mail.ru Hi-Tech порталының маманы Дмитрий Рябинин РИА Новости басылымына айтты.

Қостанай тұрғынының телефонын жиі қоңырау шалғаны үшін бұғаттап тастады

"Смартфонды 100 процентке дейін зарядтаудың қаупі туралы аңыздың шығу себебі – құрылғыны толық зарядтаған соң, тұтынушылардың көпшілігі тоқтан суырмайды: сіз қашан зарядталып болады деп, индикаторға қарап отырмайсыз ғой. Тоқта тұрған смартфон 100 процент зарядты ұстап тұру үшін әрі қарай қыза береді", - деп түсіндірді маман.

Телефонды қалай зарядтау керек?

Оның айтуынша, смартфонды, қуаты 90 процентке жеткен кезде немесе одан сәл аз болғанда, тоқтан ажырату керек. Сол себепті көптеген смартфон шығарушылар "жылдам зарядтау" принципін пайдаланады.

Телефонды жатып қолданатындар соқыр болуы мүмкін

Яғни, әуелі құрылғы тез зарядталады, мысалы, жарты сағатта 70 процентке жетеді, содан соң аккумулятор біраз салқындауы үшін бұл процесс баяулай бастайды, деді агенттікке сұхбат беруші.

"Жәнеде аккумулятордың зарядын смартфон өшіп қалғанша пайдалануға болмайды: сөніп тұрған жағдайда тоққа қосу да батареяны тоздырып, қызмет ету мерзімін азайтады", - ойын түйіндеді Рябинин.

Жасөспірімнің қалтасындағы телефон жарылып кетті

Жаңалықтар
0