Өңірлер

Темекімен ұйықтатқан: Алматы полициясы тонаушы таксистерді ұстады

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуТакси
Такси - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күдіктілер түнгі ойын-сауық орындарының алдында мас клиенттерді торуылдап жүрген

АЛМАТЫ, 23 сәуір — Sputnik. Алматы полициясы клиенттерді әр түрлі әдіспен ұйықтатып, тонап, далаға тастап кетіп жүрген такси жүргізушілерін қолға түсірді.

Такси жүргізушілері де чек беруге міндетті

Бірнеше адамнан қылмыс жайында арыз түскен соң, полиция арнайы іс-шара жүргізіп, жедел қызметкерлер үш жігітті ұстады, деп хабарлайды 24.kz.

Жәбірленушілердің бәрі де жеке таксистердің қызметін пайдаланған, яғни шопырлар клиенттерін түнгі клуб және басқа да ойын-сауық органдарының алдында күтіп тұрыпты.

Таксист жолаушыға ұйықтататын дәрі беріп, арам пиғылын іске асырды

Темекімен ұйықтатқан

Тонаушылардың схемасы қарапайым екен. Мекенжайды біліп, бағасын келіскен олар ішімдік ішіп, сәл масайған клиентті отырғызып әкетеді. Сәлден соң жолаушыны әңгімеге тартып, темекі ұсынады. Шылымды шеккен бойда клиент есін жоғалтқан.

"Сол сәтте қаскүнемдер іске кіріседі: жолаушыны елсіз жерге апарып, ес-түссіз жатқан сәтін пайдаланып, қалтасындағы бағалы заттарын тонайды. Кейін "ұйқыдағы" клиентті сол жерге тастап, кете берген", - дейді Медеу ауданы полиция басқармасының бастығы Болат Тотыбаев.

Ақтауда клиенттерін қан қақсатқан таксист ұсталды

Таксистер ұсталды

Арыздарға сәйкес қылмыскерлер құрбандарын жиі алып кететін ойын-сауық орындарын анықтап білген полицейлер үш күдіктіні де ұстап алды. Ең үлкені 37 жаста, ал ең жасы жақында 22-ге толыпты. Қазір үшеуі де уақытша ұстау абақтысында отыр, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Полицейлердің айтуынша, жәбірленушілердің саны одан да көп болуы мүмкін. Такси жүргізушісі тонаған жолаушылар келесі нөмірлер бойынша Алматы қаласы Медеу ауданының полиция басқармасына хабарласа алады: 8 (727) 254-48-01; 254-48-34; 254-48-09 немесе 102.

Жаңалықтар
0