Қоғам

Жүрсін Ерман: елімізді әйел басқаратындай не күн туды?!

© SputnikЖүрсін Ерман
Жүрсін Ерман - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Танымал ақын Нұр-Сұлтанда өтетін Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезіне қонақ ретінде шақырылған

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. Танымал ақын Жүрсін Ерман алдағы кезектен тыс президент сайлауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жүрсін Ерман Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезіне қонақ ретінде шақырылған екен. Ақын алдағы мерзімінен бұрынғы президент сайлауын ел өміріндегі үлкен саяси оқиға деп атады.

Тағы оқыңыз: Белгілі жазушы бірінші болып президенттікке кандидатурасын ұсынды

Ерман билік басына кім келсе де, қазір елімізде халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, көп балалы отбасылар мен жоқ-жітіктерге көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік саясат әрі қарай жалғасса екен деп тілейді.

"Жастар да, саясаткерлер де бар. Солардың біреуі таңдалатын шығар. Бүгін жасалмаса, ертең жасалады", - деген пікірін білдірді ақын.

Тағы оқыңыз: Президенттіккне үміткер қандай жағдайда "2" алады? 

Сонымен қатар, белгілі ақын Қазақстанды әйел адам басқаруы мүмкін бе деген сауалға да жауап берді.

"Әйел адам басқаратындай не күн туып қалды бізге?! Қазақтың дәстүрінде ондай ешқашан болмаған. Сондықтан ол әңгіме ертерек қой деп ойлаймын. Қанша демократиялық ел болғанмен, қазақы болмысты елміз ғой", - дейді ол.

Жүрсін Ерман қазақта ел басқаратын азаматтар көп екенін атап өтті.

Жаңалықтар
0