НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен қорғаныс министрінің орынбасары мен президенттің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Қадырұлы Тортаев қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне, Бахытжан Билялұлы Намаев президенттің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі қызметіне тағайындалды.
Ал Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды.
Бауыржан Тортаев туралы не білеміз?
Бауыржан Тортаев 1967 жылы Семейде туған.
Әртүрлі жылдары экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің директоры, президент әкімшілігі әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды.
Тоқаев Мәдина Әбілқасымованы басқа қызметке тағайындады
2002 жылдан 2008 жылға дейін статистика агенттігі төрағасының орынбасары болған. Ал 2017 жылдың сәуірінен 2019 жылдың наурызына дейін қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметін атқарды.
Үйленген, үш баласы бар.
Бахытжан Намаевтың қысқаша өмірбаяны
Бахытжан Намаев 1964 жылы дүниеге келген.
Еңбек жолын 1985 жылы Өскемен құрылыс-жол институты жалпытехникалық факультетінің ассистенті болып бастады.
Жекеменшік секторда және "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы жүйесінде басшылық қызметтер атқарды, "Батум мұнай терминалы" компаниясының бас директоры болды.
Тоқаев Конституциялық кеңеске өтініш түсірді
2018 жылдың наурызынан 2019 жылдың сәуіріне дейін Қызылорда облысы кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
Ал 2019 жылдың сәуірінде Қызылорда облысы әкімінің агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалған еді.