НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір — Sputnik. Режиссер Тимур Бекмамбетов Татарстан президентінің көмекшісі Наталия Фишманға үйленді, деп хабарлады НТВ телеарнасы.
Некеге тұру салтанаты "Казан" отбасы орталығында өткен. Салтанатты рәсімнен кейін Фишман мен Бекмамбетов Кабан көлі жағалауына серуендеуге шыққан. Шақырылған қонақтардың арасында жоғары лауазымды тұлғалар мен ірі кәсіпкерлер де болған көрінеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Наталия Фишман туралы не білеміз?
Телеарнаның мәліметінше, Фишман мен Бекмамбетова 2018 жылдың жазында көңіл қосқан деген мәлімет бар. Бекмамбетов әлеуметтік желілерге екеуі бірге түскен суреттерді жариялады, сондай-ақ жұп футболдан әлем чемпионаты матчтарының біріне барған.
Бұған дейін режиссер кинопродюсер және костюм суретшісі Варвара Авдюшкоға үйленген.
Наталия Львовна Фишман 1990 жылдың 30 қазанында Куйбышев қаласында туған. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты мен Берлиндегі Гумбольдтов атындағы университетте білім алған. 2015 жылы Татарстан президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалған.
Тимур Нұрбақытұлы Бекмамбетов 1961 жылдың 25 маусымында Атырау қаласында дүниеге келген. 1987 жылы А.Островский атындағы Ташкент театр-көркемөнер институтын бітірген. Клипмейкер , продюсер, кинорежиссер.