Саясат

"Сайлауға түсуіне қарсы болған" Владимир Зеленскийдің әйелі туралы не білеміз?

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуУкраина президенттігіне кандидат Владимир Зеленский мен әйелі Елена Зеленская
Украина президенттігіне кандидат Владимир Зеленский мен әйелі Елена Зеленская - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елена Зеленская күйеуінің президент сайлауына қатысу туралы ойын қолдамаған, кейін оның шешімімен келісті

АЛМАТЫ, 22 сәуір - Sputnik. Украина президенттігіне кандидат Владимир Зеленскийдің әйелі Елена Зеленская - кәсіпкер, "Квартал-95" жеке меншік студиясында жұмыс істейді. Бұл туралы ICTV телеарнасы Зеленскийдің өмірбаянына арналған бағдарламада хабарлады.

Тағы оқыңыз: Украинадағы президент сайлауы: соңғы әрі нақты қорытынды қашан шығады?

Елена Зеленскаяның білімі

Елена Зеленская (Кияшко) 1978 жылы Кривой Рогта дүниеге келген. Ол өзінің болашақ жарымен бір мектепте оқыған. Бірақ ол кезде бір-бірін танымаған.

Зеленская Криворожск техникалық университетінің құрылыс факультетін қызыл дипломға тәмамдаған. Бірақ мамандығы бойынша ешқашан жұмыс істемеген. Болашақ күйеуімен Елена университетте оқып жүргенде танысып, 2003 жылы отау құрады.

© REUTERS / VALENTYN OGIRENKOУкраина президенттігіне кандидат Владимир Зеленский мен әйелі Елена Зеленская
Сайлауға түсуіне қарсы болған Владимир Зеленскийдің әйелі туралы не білеміз? - Sputnik Қазақстан
Украина президенттігіне кандидат Владимир Зеленский мен әйелі Елена Зеленская

Елена Зеленскаяның қызметі

Қазір күйеуінің меншігіндегі "Квартал-95" әзіл-сықақ студиясында жұмыс істейді. Елена Зеленская - қойылым мәтіндерінің авторы. Салық декларациясындағы мәліметтерге сәйкес, Еленаға бұл компанияның 0,01%-і тиесілі.

Бұдан бөлек, Елена Зеленская балық өңдеу және консервілеу компаниясының да 25%-не ие.

© REUTERS / VALENTYN OGIRENKOУкраина президенттігіне кандидат Владимир Зеленский мен әйелі Елена Зеленская
Сайлауға түсуіне қарсы болған Владимир Зеленскийдің әйелі туралы не білеміз? - Sputnik Қазақстан
Украина президенттігіне кандидат Владимир Зеленский мен әйелі Елена Зеленская

"Сайлауға түсуіне қарсы болған"

Елена Зеленская басында күйеуінің президент сайлауына қатысу туралы ойын қолдамаған, кейін оның шешімімен келісіпті.

Күйеуіңіз сайлауда жеңіске жетсе, не істейсіз деген жергілікті телеарна сауалына Елена Зеленская:

"Меніңше, президенттің әйелі қандай да бір рөлді қолға алуы міндетті емес. Ол - отбасындағы көшбасшы. Мен оны үнемі қолдап, көмектесіп келемін. Сондықтан бұл үрдіс жалғасады деп сенемін. Егер ол президент болса, ел алдына шығып сөйлейтін баяндамаларының мәтінін редакциялап беруге тырысамын", - деп жауап берген.

Тағы оқыңыз: Зеленскийдің президент ретінде алға қойған мақсаты қандай?

Украинадағы президент сайлауы

Украина президенті сайлауының екінші туры 21 сәуірде өтті. Оған Украинаның президенті Петр Порошенко мен Владимир Зеленский қатысты.

Сайлау бюллетеньдерінің жартысы өңделіп, Зеленскийдің рекордық көрсеткішке қол жеткізгені белгілі болды. Ол сайлаушылардың 73% дауысына, Порошенко 24,66% дауысқа ие болған.

Владимир Зеленскийдің балалары 

Владимир мен Еленаның екі баласы бар. Александра 2004 жылы, ал Кирилл 2013 жылы дүниеге келген. 

Александра 2014 жылы "8 новых свиданий" (Алғашқы сегіз кездесу) атты фильмде бас кейіпкердің қызының рөлін ойнаған. Ал 2016 жылы "Рассмеши комика. Дети" шоуына қатысып, 50 мың гривен (1 860 доллар) жеңіп алды. 

Жаңалықтар
0