Өңірлер

Әйелді балғамен ұрып, қызды тұншықтырып өлтірді: Алматыдағы оқиғаның мән-жайы

CC0 / pixabay.com / Балға мен ұялы телефон
Балға мен ұялы телефон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан тілшісі 2015 жылдың 12 тамызында Алматыда болған жантүршігерлік оқиғаның мән-жайын анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір - Sputnik. 2015 жылдың 12 тамызында Жамилә Тәліпованың үйіне қызының ең жақын құрбысы Даяна қоңырау шалған. Қыз сыбырлап, өзінің үйіне шұғыл түрде келуге шақырған. Байланыс үзіліп кеткенде, Жамилә қызына хабарласады. Алайда ол жауап бермеген.

Жамилә бірден полицияға қоңырау шалды. Оларға мекен-жайды айтып, өзі қызының құрбысының үйіне бет алды.

Ақтөбелік әйелін талдырып тастап, өгей қызын зорлады

Әйел полиция қызметкерлерімен үйдің кіреберісінде кездеседі. Даяна пәтерде кішкентай інісі және анасымен бірге тұрған.

Полицейлер үйге кіргенде, қыздың неден қорыққаны бірден белгілі болды. Дәлізде қыздың анасы Аян Есдәулетованың қансырап жатқан денесі табылды.

Әйелді балғамен ұрып, қызды тұншықтырды

Полицейлер үйге келгенде пәтерде тағы екі адам болған. Көз жұмған әйелдің кішкентай баласы Даниал мен жиені - Рүстем Жүнісов. Ол ас үйде, ал бала өзінің бөлмесінде отырған.

Қарағандылық туған қызына пышақ тақады: оқиғаның мән-жайы анықталды  

Жас жігіт үйге келгенде туыстарының жансыз денесін көріп шошығанын айтқан. Сондықтан полицияға хабарласа алмапты.

Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Келісімін ала алмаған: Түркістанда жас жігіт сүйіктісін тұншықтырып өлтірді

Бастапқыда полицейлер оған сенді. Алайда оның оқиғаға қатысы болуын тексеріпті. Өйткені жас жігіт мас болған. Туыстарына көмектеспекші болғанда киіміне қан жұққанын айтыпты. Полицейлер Даниалды туыстарына, ал Рүстемді полиция бөліміне апарды.

Рүстемнің екі рет сотталып, түрмеден шыққаны анықталды.

12 тамыз күні ағасымен ішімдік ішіп, есірткі шегеді. Сол кезде өзінің туыстарынына барып, кек алмақ болады. Алайда ол адам өлтіруді жоспарламағанын айтады. Бірақ өзімен бірге балға ала барған.

Ол есік ашып, үйіне кіргізген әйелге бас салып, балғамен аяусыз ұра бастаған. Мәйіттің жанында қанша отырғанын білмейтінін айтады. Есін жиғанда 14 жастағы Даянаның қарап тұрғанын көріп қалған. Түрмеге қайта оралудан қорыққан Рүстем бір секунд та ойланбастан, қызды тұншықтырып өлтірген.

Риддерде жасөспірімдер бомждарды айуандықпен өлтірген

2016 жылдың 14 наурызында аталған іс бойынша сот үкімі шықты. Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық соты  Рүстем Жүнісовті 22 жылға бас бостандығынан айырды.

Жаңалықтар
0