Оқиға

Қордайдағы жол апаты: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуАурухана, архивтегі сурет
Аурухана, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жамбыл облысындағы жол-көлік оқиғасынан салдарынан 31 адам ауруханаға жеткізілді. Олардың тоғызы – Өзбекстан азаматтары

НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір - Sputnik. Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы 20 сәуір, сенбі күні болған апатта зардап шеккендердің қазіргі жағдайын айтты.

Қордайдағы жол апатының фотолары жарияланды 

Ведомство ақпаратына сәйкес, 31 адамға медициналық көмек қажет болған, олардың тоғызы – Өзбекстан елінің азаматтары. Төрт адам Қордай орталық аудандық ауруханасында, бесеуі Тараз қаласының №1 қалалық ауруханасында ем қабылдап жатыр.

Тоғыз жолаушыны туыстары Алматы қаласының ауруханаларына алып кеткен. Төрт адам Шымкентке жеткізілді. Қазір оларға тиісті көмек көрсетіліп жатыр.

Жамбыл облысында автобус апатқа ұшырады: 11 адам көз жұмды

Зардап шеккендер арасында балалар жоқ.

Бұған дейін Өзбекстан азаматтарының өз елдеріне жеткізілгені туралы ақпарат хабарланған болатын.

Қордай маңындағы жантүршігерлік апат

Трагедия сенбі, 20 сәуір күні сағат 05:00-де Алматы-Ташкент тасжолының 181-шақырымында болды.

Toyota Camry жол жиегінде тұрған жүк көлігімен соқтығысқан. Осы сәтте жолда келе жатқан жолаушылар автобусының жүргізушісі апатқа ұшыраған көлікті айналып өтпек болғанда аударылып кеткен.

Қордай маңындағы апатқа қатысты тергеу 

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345-бабының төртінші бөлігіне (екі немесе одан көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) сәйкес алдын ала тергеу басталды.

Апат салдарынан 11 адам көз жұмды (сегізі оқиға орнында жан тапсырды, екеуі Қордай аудандық ауруханасында көз жұмды, бір адам Гвардияның медициналық ауруханасында көз жұмды).

Жаңалықтар
0