НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Көп балалы аналар президент уәде еткен 21 мың теңгеден үмітті. Алайда ауылдағы кедейдің баласы әкесі көлеңке болсын деп еккен ағаштың кесірінен жәрдемақыдан қағылып жатыр, деп хабарлады Еуразия бірінші арнасы.
Әр балаға – 21 мың теңге: жұртты мазалаған 10 сұрақтың жауабы
"Ережеде барлығы жазылған. Мысалы бұзауды алатын болсақ, 1-2 жасқа дейін есепке алынбайды. Жаңа егілген ағаштар да өнім бергенше есептелмейді", - деп түсіндірді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бас сарапшысы Ғалия Жабағина.
Бұзау есепке алынбағанымен, мама сиыр кіріс әкелуші болып есептеледі. Егер бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақы алып отырсаңыз, ол отбасының табысына жатады. Мүгедек баланы бағып отырғанға берілетін жәрдемақыны да кіріс деп есептеп қойған. Осы жылдың қаңтар, ақпан, наурыз айында кредит алған болсаңыз, оны да кіріс деп есептейді.
Келесі жылы бала күтіміне қанша жәрдемақы берілетіні белгілі болды
"Көп жағдайда кредитті пайда көру үшін алады. Бірақ кредиттің барлық сомасы жиынтық табысқа жатпайды. Соңғы үш айда төленетін сомаға ғана есептеледі. Ол кісі осы ақшаны алар бұрын банкке төлеуге қабілетті екенін дәлелдейді ғой", - дейді Ғалия Жабағина.
21 мыңға ниетті болсаңыз, кредит болмауы керек. Сосын ажыраспаңыз. Күйеуіңнен алимент аласың деп әр балаңызға 21 мыңды қимай қоюы мүмкін. Зейеткер ата-әжеңіз болса, әлгі атаулы көмекті көрмей кетуіңіз мүмкін. Кіріс-шығыстарды осылай есепке алмағасын талай келіншек жәрдемақыдан қағылып жатыр.