Өңірлер

Жамбыл облысында автобус апатқа ұшырады: 11 адам көз жұмды

© Sputnik / Владислав ВодневЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жолаушылар автобусы апатқа ұшыраған көлікті айналып өтпек болғанда аударылып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысының Қордай ауданында Toyota Camry жол жиегінде тұрған жүк көлігімен соқтығысқан. Осы сәтте жолда келе жатқан жолаушылар автобусының жүргізушісі апатқа ұшыраған көлікті айналып өтпек болғанда аударылып кеткен.

Қордайдағы жантүршігерлік апат

Трагедия бүгін сағат 05:00-де Алматы-Ташкент тасжолының 181 киллометрінде болды, деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Апат салдарынан оқиға орнында сегіз адам көз жұмды, 32 адам ауруханаға жеткізілді, алған жарақатынан тағы үш адам жан тапсырды.  

Нұр-Сұлтандағы апат кезінде автобус жүргізушісі 30 адамды құтқарғаны белгілі болды

Оқиға орнына облыс әкімінің бірінше орынбасары Б.Орынбеков, облыс прокуроры Ж.Құсайынов, облыстық полиция департаменті, төтенше жағдайлар және қорғаныс істері басқармасының бастықтары аттанды.

Оқиға орнындағы апаттан құтқару жұмыстары

"Апаттан құтқару жұмыстарына 50-ге жуық адам мен жедел-құтқару қызметтерінің 15 техникасы, сондай-ақ "Қазавиқұтқару" тікұшағы жұмылдырылды", - деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Марат Жұманқұлов үш тәжірибелі хирургпен бірге зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін оқиға орнына келді.  

 Қордайдағы жол апатынан кейін қауырт желі ашылды  

 Облыс әкімдігі жедел штаб жұмысын ұйымдастырды, облыстың төтенше жағдайлар департаментінде қауырт желі ашылды +7 (7262) 51 35 75 және +7 (7262) 51 41 67. Онда психологтар кезекшілік жасайды.   

Тағы оқыңыз: Жүргізушілер көз жұмған әріптестері жайлы айтып берді 

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345-бабының төртінші бөлігіне (екі немесе одан көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) сәйкес алдын ала тергеу басталды.

Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша ІІІМ мен облыстық полиция департаменті қызметкерлерінен жедел тергеу тобы құрылды. Тергеу барысында сот сараптамаларының қорытындысы ескеріле отырып көлік жүргізушілерінің кінәсі анықталады.  

Жаңалықтар
0