НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан президенті қызметіне кіріскеніне де бір ай болды. Алғашқы күннен-ақ белсенділік танытқан жаңа мемлекет басшысы отыз күн ішінде біраз іс тындырып үлгерді. Sputnik Қазақстан тілшісі президенттің бір айдағы жұмысына шолу жасап, маңызды өзгерістерге тоқталғанды жөн көрді.
Тоқаевты ұлықтау рәсімі дегенде қазақстандықтардың есіне елорда атауын өзгерту туралы ұсыныс сап ете түсетіні жасырын емес. Өйткені дәл сол салтанатты шарада мемлекет басшысы Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасының есімін мәңгі есте қалдыру үшін Астананы Нұр-Сұлтан деп өзгертуді ұсынған болатын. Араға екі-үш күн салып, 23 наурызда Тоқаев Астана қаласын Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы жарлыққа қол қойды.
Тағы оқыңыз: 14 облыста көшеге Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілуі мүмкін
Мемлекет басшысы, сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш салуды және облыс орталықтарындағы орталық көшелерді тұңғыш президенттің есімімен атауды ұсынды.
1 миллион қазақстандықтың жалақысын өсірді
Енді 1 млн-нан астам айлығы төмен ауылдық, аудандық, облыстық деңгейдегі бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 2019 жылдың 1 маусымынан бастап өсетін болады.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) 15 апреля 2019 г.
Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап бюджет саласындағы айлығы төмен қызметкерлердің жалақысын 30%-ке, аудандық және облыстық деңгейлерде тікелей халықпен жұмыс істейтін атқарушы органдардың төменгі сатыдағы қызметкерлерінің жалақысын орташа есеппен 25%-ке өсіруді тапсырған болатын.
Тағы оқыңыз: Білім министрі 1 маусымнан бастап кімдердің жалақысы өсетінін айтты
Алайда, Тоқаев қызметіне кіріскеннен кейін бұл процесті тездетті. Мемлекет басшысы бір миллионнан астам қазақстандықтың жалақысын 1 шілдеден емес, 1 маусымнан бастап көтеруді тапсырды.
Үкімет пен парламент маңызды өзгертулерді жылдам қарап, қабылдап, 15 сәуірде президент тиісті заңға қол қойды.
Кезектен тыс президент сайлауы
Заң бойынша кезекті президент сайлауы 2020 жылы өтуі тиіс болатын. Алайда Қасым-Жомарт Тоқаев 9 сәуірде ел халқына үндеу жасап, елде кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялады. Мемлекет басшысы сайлауды 2019 жылдың 9 маусымына белгіледі.
Тағы оқыңыз: Дариға Назарбаева кезектен тыс президент сайлауы туралы пікір білдірді
Президенттікке кандидаттарды ұсыну 10 сәуірде басталып кетті. Елдегі ең ірі әрі жетекші саяси партия – Nur Otan әзірге үміткерін ұсынған жоқ. Кандидаттың есімі 23 сәуірде партия съезінде белгілі болмақ.
Тағы оқыңыз: "Құжаттарын қараймыз" ОСК Тасмағамбетовтің сайлауға түсуіне қатысты жауап берді
Ресей мен Өзбекстанға сапары
Тоқаевтың мемлекет басшысы ретінде шетелге сапары Ресей мен Өзбекстаннан басталды.
3 сәуірде Қазақстан президенті Ресей басшысы Владимир Путиннің шақыруымен ресми сапармен Мәскеуге барды. Сапар барысында қос ел президенттері шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізіп, бірлескен мәлімде жасады. Сонымен қатар бірқатар екіжақты құжатқа қол қойды.
Тағы оқыңыз: Тоқаевты неге Путин қарсы алмады? Абаев қызу талқыға түскен жайтты түсіндірді
Тоқаевтың бұл сапары әлеуметтік желіде қызу пікірталас туғызған болатын. Желі қолданушылары "Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Мәскеуде дұрыс қарсы алған жоқ" деп шулаған еді. Кейін ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев бұған түсініктеме беріп, ресейлік тарап Қазақстан президентіне аса жоғары құрмет көрсеткенін атап өтті.
Тағы оқыңыз: Тоқаев Путинмен кездесуінде: Мен алтын ғасырдың президенті болдым
"Кейбір БАҚ-та журналистер президентті қарсы алғандар арасында Ресейдің сыртқы істер вице-министрі Александр Панкин болды дегенді жазуды ұмытып кеткендіктен, шу басталып кетті", - деп түсіндірді министр.
Өзбекстан Президенті Ш.Мирзиёевпен келіссөздер сәтті өтті. Екі ел арасындағы үйлесімді дамып келе жатқан өзара қарым-қатынастардың кең көлемді бағыттарын талқыладық. pic.twitter.com/O11B7ABymJ
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) 15 апреля 2019 г.
Тоқаевқа жақпай қалған билбордтар
Бір ай ішінде мемлекет басшысы ел ішінде екі жұмыс сапарын жасады. Алғашқы сапарын қасиетті Түркістаннан бастады. Онда Тоқаев облыс орталығының құрылысымен танысып, бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысанды аралап, өңірдің жұртшылық өкілдерімен кездесті.
Тағы оқыңыз: Тоқаев: Мұнайға ғана сеніп, өмір сүруге болмайды
Одан кейін Қазақстанның батысында – Маңғыстау облысында болды.
Маңғыстау облысына сапарым сәтті өтті. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына, қалалық емханаға, теңіз академиясына, Ақтау теңіз портына бардым. Киелі "Шопан-ата", "Бекет-ата" басына барып, зиярат еттім. Жұртшылық алдында сөз сөйледім. Толық мәтіні: https://t.co/RqmOz94mV7 pic.twitter.com/BSg6fx8TFq
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) 13 апреля 2019 г.
Ақтауға сапары барысында Тоқаев өзінің суреті салынған билбордтар туралы пікірін білдірді.
"Ақтауда менің суретім бейнеленген 14 билборд қойылғанын естідім. Бұл мүлде орынсыз деп есептеймін, маған ондай насихаттың қажеті жоқ. Мұндай әкімшілік ыждаһаттылықтың керегі не?", - деп ашуланған еді президент.
Тоқаев әкімдерге билбордтарда Қазақстанның нақты жетістіктерін көрсетуді тапсырды.
Сапар барысында президент теңіз сауда портының жұмысымен танысты. Сондай-ақ, киелі "Шопан-ата", "Бекет ата" басына барып, зиярат етті.
Әкімдерді желіге тартты
Қасым-Жомарт Тоқаев бұрыннан әлеуметтік желілердің белсенді қолданушысы. Сенат спикері болған кезде ол Твиттерде маңызды мәлімдемелер жасап, өз пікірімен бөлісіп тұратын еді. Ал президент болғаннан кейін елдегі ең танымал Instagram желісінен ресми парақша ашып, халыққа біртабан жақындай түсті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қазақстандықтар президентке Facebook пен YouTube-тің кешкі тоғыз бен он бір аралығында бұғатталатынын жазып, мұңын шаққан еді. Жұртты мазалаған мәселе Тоқаевтың назарынан тыс қалмады: әлеуметтік желілердің бұғатталуы тоқтады.
Тағы оқыңыз: Әлеуметтік желідегі Тоқаев туралы не білеміз?
Сонымен қатар, мемлекет басшысы өңір әкімдерін де халықпен кері байланыс орнату үшін желіде белсенді болуға шақырды. Президенттен үлгі алған әкімдер бірінен кейін бірі әлеуметтік желілерден ресми парақшасын ашып, тұрғындарды бір қуантып тастады.