НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір — Sputnik. Атырау облысындағы әйелдер колониясында "Қазақ аруы 2019" байқауы өтті. Қазылар алқасы үміткерлердің қазақтың салт-дәстүрін қаншалықты білетін бағалады, деп хабарлады ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қазақстан аруы 2019: сұлулардың суреттері
Байқау үш кезеңнен тұрды. Қатысушылар көрерменге өз өнерін паш етіп, жасаған бұйымдарын ұсынды.
"Ұлттық нақыштағы киім, сахналық образ, сөйлеу мәнері мен би. Мұның бәрі көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады", - деді комитеттің баспасөз қызметі.
Байқау тәжіне алаяқтық жасағаны үшін сотталған үміткер ие болды. Қатысушылардың бәріне құнды сыйлықтар мен "Шапағат" қорының дипломы табысталды. Бас жүлде – тігін машинасы.