Мәдениет

"Отыз жыл Айнұрдан жеңіліп келе жатырмын" Балғынбек Имашев неге олай айтты?

© Sputnik / Болат ШайхиновБалғынбек Имашев
Балғынбек Имашев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Айтыскер ақын Балғынбек Имашев айтыста ерлер жеңе ме, әлде әйелдер басым ба деген сұраққа жауап берді

НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Айтыскер ақын Балғынбек Имашев әріптесі Айнұр Тұрсынбаеваның ақындығын ерекше бағалайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде "Ұлы дала ән мен жыры, ақындықтың жеті қыры" атты республикалық турға арналған баспасөз мәслихатында журналистер айтыста, әдетте, ерлер жағы жеңе ме, жоқ әлде әйелдер басым түсе ме деп сұрады.

Айнұр Тұрсынбаева: Аллаға сенгені үшін кінәлау - сауатсыздық

Балғынбек Айнұрдан неге жеңіліп жүр?

"Қазақта Сарамен айтысқан кезде, әйелді жеңген Біржан сал ғана. Қалған уақытта мен, міне, отыз жыл болды Айнұрмен айтысып жүргеніме, отыз жыл бойы жеңіліп келе жатырмын. Сол жеңілгенім үшін қыз-келіншектер мені жақсы көреді, Айнұрды ерлердің аудиториясы жақсы көреді", - деп әзілдеді айтыскер ақын.

Балғынбек Имашевтың жасырып жүрген құпиясы не - видео

Имашев сөзден жығылып, айтысты тоқтатқан ақындар кемде-кем екенін атап өтті.

"Біз сыйласып айтысып келе жатқан ақындармыз. Айтыста "жеңдім, жеңілдім" деген адамның ішкі ойы. Жалпы халық кейде тең көреді, кейде артық көреді, қазылар да бағаны бірде Айнұрға, бірде маған, бірде тең беріп жатады. Бірақ Айнұрдың өнерін сыйлағандықтан, мойындағандықтан, ақындығына ерекше баға берген соң осылай деп айтып отырғаным ғой", - деді ақын.

Нұрсұлтан Назарбаев Жүрсін Ерманға қандай тапсырма берді?

Ол осы орайда ақындар айтысын насихаттап, ақындарды халыққа таныстырып келе жатқан мемлекеттік арналарға алғысын айтты.

"Балғынбектен талай жеңілдік"

Айтыстағы әріптесінің "отыз жыл бойы жеңіліп келе жатырмын" деген сөзіне Айнұр Тұрсынбаева пікір білдірді.

Балғынбек Имашев айтыстағы "әділетсіз қазылар" туралы айтты

"Отыз жыл бойы бой бермеген мені сұмдық алапат ақын көріп қалуларыңыз мүмкін. Шынын айтқанда, олай емес. Шоу жағынан болсын, әлеуметтік мәселені қозғау жағынан болсын, суырып салмалық жағынан болсын, Балғынбекке тең келетін ақын кемде-кем. Бізде мықты ақындар саусақпен санарлық қана, соның бірегейі деп Балғынбекті айтуға болады. "Отыз жыл бойы жеңіліп келе жатырмын" дегені менің мықтылығымды емес, Балғынбектің маған деген құрметін көрсетеді. Әйтпесе, Балғынбектен талай жеңілдік қой", - дейді айтыскер ақын.

Айнұр Тұрсынбаева аста-төк той жасады - видео

Жаңалықтар
0