Өңірлер

Қызды күшпен итеріп жіберді: атышулы видеодағы ер адамның кім екені анықталды

© AP Photo / David GoldmanЕр адам мен кішкентай қыз
Ер адам мен кішкентай қыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция кішкентай қызға жәбір көрсеткен видеодағы ер адамды іздеп тапты

НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Ақтау полициясы кішкентай қызға жәбір көрсеткен ер адамның кім екенін анықтады, деп хабарлайды Лада басылымы.

Оқиғаға қатысты Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме беріпті.

Қызға жәбір көрсеткен Ақтау тұрғыны жұрттың ашуын келтірді - видео

Ведомство хабарлағандай, баланы итеріп жіберген ер адамның кім екені белгілі болған. Ол кішкентай қыздың туған ағайы болып шықты.

"Әкесі итеріп, кетіп қалды" Үш жарымжан баланың анасы мұңын шақты

Тәртіп сақшылары жігітпен профилактикалық әңгіме жүргізді.

Атышулы видео: қызды қатты итеріп жіберді

Ақтау қаласының 17-ші шағын ауданында "Айрақты" тұрғын үй кешені жанында болған жайтты видеоға оқиға куәгері түсіріп алған.

Павлодар тұрғыны көшеде кезіккен балаларды соққыға жыққан

Бейнежазбада ер адам кішкентай қызды көліктен алып шығады да, бар күшімен итеріп кеп қалады. Бүлдіршін құлап түсіп, тәлтіректеп тұрып, екінші көлікке қарай ұмтылған.

Кейінірек полиция роликтің жағымсыз кейіпкерін іздеуге кірісті.

Шымкентте ескі үйде оқушы қызды зорлаған адамның кім екені анықталды

Жаңалықтар
0