Gismeteo.kz мәліметіне сенсек, сынап бағанасы қазір -2 градусты көрсетіп тұрғанмен, -8 градус болып сезілуде. Бұған қоса, секундына 15 метр жылдамдықпен жел соғып тұр.
Көшеде жеңіл, бас-киімсіз жүрген адамдар көп-ақ. Соған қарағанда, елордалықтар сәуірдің ортасында қар жауады деп күтпеген сыңайлы. Қайтып оралған "қысқа" қуанып, селфи жасап жүргендерді де кездестіруге болады. Ал қаланың коммуналдық қызметтері жолдарды тазалап әлек.
Тағы оқыңыз: Семей мен Өскемен мектептерінде сабақ кілт тоқтатылды - видео
Синоптиктердің болжамына сенсек, елордада күн келесі аптада бір-ақ жылынады. Ауа температурасы +7...+11 градусқа дейін көтеріледі деп болжанып отыр.
Айта кетсек, аппақ қарға оранған Нұр-Сұлтан ғана емес. Екі-үш күн бұрын Петропавл, Көкшетау қалаларында да қар жауып, тұрғындарды әуреге салған еді. Ал кеше Семей мен Өскемен қалаларында қолайсыз ауа райына байланысты бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары сабақтан босатылған болатын.
Тағы оқыңыз: Қандай жағдайда мектепте сабақ болмайды?
Бүгін Қарағандыда да ауа райы тосын мінез танытты. Өңір тұрғындары әлеуметтік желілерде көктемде жауған қардың суреттерін жарыса жариялап жатыр.