Өңірлер

Желіде танысқан жігіттен жүкті болды: Есікте жоғалған қыз табылды - видео

Жазылу
НовостиTelegram
Ол бір ай бойы Алматы облысындағы көрші ауылда жұмыс істеген

НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Таразда із-түссіз жоғалған 18 жастағы қыз табылды. Аружан Шабарбек үйіне өзі оралды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Бойжеткен бір ай бойы Алматы облысындағы көрші ауылда жұмыс істеген.

Аружанның туыстарының айтуынша, қыз бала күтуші болып жұмысқа орналасыпты. Анасына көмектесу үшін ақша таппақ болған. Алайда өз жоспарымен ешкіммен бөліспепті. Аяғы ауыр қыз хабарласуға мүмкіндік болмады деп түсіндіреді.

Тағы оқыңыз: Есікте жігітпен желі арқылы танысқан қыз қалай жоғалып кетті?

Еске сала кетсек, бір ай бұрын Есікте тұратын 18 жастағы бойжеткен әлеуметтік желі арқылы танысқан жігітпен Жамбыл облысына кетіп қалған болатын. Алайда жігіттің туыстары қызды Алматыға қайтарып жіберген. Бірақ ол үйіне оралмады.

Тағы оқыңыз: Қалыңдығын алып қашпақ болған жігіт ұятқа қалды 

Туыстары мен полицейлер бойжеткенді Алматы және Жамбыл өңірлерінде бір айға жуық уақыт бойы іздеді. Еріктілер тобы да көмектескен.

Жаңалықтар
0