Өңірлер

 БҚО-да отбасымен бірге "суға батып кеткен" әкім мән-жайды түсіндірді

© Photo : Pixabay / Gerd AltmannАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Желіде ауыл әкімінің қаза болғаны туралы жалған ақпарат жарияланды. Сыбысты шенеуніктің құдасы таратқан болып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір — Sputnik. Желіде Батыс Қазақстан облысында ауыл әкімі Боранбай Қыдырғожин мен оның отбасы көз жұмғаны туралы сыбыс тарады.

Сәрсенбі, 17 сәуір күні Базартөбе ауылы әкімінің туысы Instagram-дағы аккаунтына суға батқан көліктің суретін жариялап, оның ішінде әкім отбасымен бірге қаза болғанын хабарлаған, деп жазды "Мой город".

Қарызын қайтармаған: Павлодар облысында ауыл әкімі жұмыстан қуылды

Боранбай Қыдырғожин жалған ақпаратты естіген бойда аман-сау екенін жеткізді.

"Желіде суға батқан көлігімнің суреті жүргенін естідім, мені суға кетті деп жатқан көрінеді. Әрине, мұны кім істегенін анықтадым. Сыбысты атыраулық құдам таратқан болып шықты. Оған да жалған ақпаратты біреу жеткізген", - деп атап өтті ауыл әкімі.

Шенеуніктің айтуынша, сол күні жағаға қалдырған көлігі өзенге түсіп кеткен. Дегенмен су терең болмағандықтан біраз уақыттан кейін автокөлікті трактормен сүйреп шығарыпты.

Атырау облысының бұрынғы әкімі интернетті шулатты – видео

"Жалпы, әйелім ол кезде жұмыста еді, ал немерем тіпті қасымда болған да жоқ. Жағдайымыз жақсы. Енді туыстарымыз бұл мәселені бейбіт жолмен шешуді сұрап жатыр, қалай дегенде де ол (жалған ақпаратты таратқан адам – Sputnik) біздің туысымыз", - деп түйіндеді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес, жалған ақпарат тартқандарға 1 мың АЕК айыппұл салынады немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Жаңалықтар
0