НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір — Sputnik. Ақтауда кішкентай қызға жәбір көрсеткен ер адам тұрғындардың ашуын туғызды, деп хабарлайды жергілікті "Лада" порталы.
Оқиға қаланың 17-ші шағын ауданындағы "Айрақты" тұрғын үй кешенінің маңында болыпты. Куәгер болған жайтты ұялы телефонының камерасына түсірген.
Видеода ер азамат кішкентай қызды көліктен алып шығып, қатты итеріп жібереді. Бүлдіршін жерге құлап түсіп, тәлтіректеп орнынан тұрады да, басқа көлікке қарай жүгіре жөнеледі.
Жетісайлық келіншек өгей қыздарын азаптап, дәптерге жазып отырған
Басылым Маңғыстау облысы полиция департаментінен осы жайтқа қатысты ресми түсініктеме беруді сұрады.