Әлем

Нанды басып, сарқыт жинаған: атышулы видео қайда түсірілгені анықталды

© Sputnik / Владислав ВодневКазахский дастархан
Казахский дастархан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Видеода жігіттердің бірі дастарқанға шығып алғаны, тіпті нанды басып кеткені көрінеді

НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір — Sputnik. Әлеуметтік желіде дастарқанды басып, сарқыт жинаған жігіттердің әрекеті жұрттың ашуына тиген болатын. Sputnik Қырғызстан агенттігінің мәліметінше, видео Қырғызстандағы отырыстардың бірінде түсірілген.

 Ролик Facebook желісінде жылдам таралып жатыр. Видеодан екі жігіт сарқыт жинау үшін нан мен бауырсақ тұрған дастарқанға аяқпен шығып кеткенін көруге болады. Осылайша олар үстелдің қарсы бетіндегі тәттілерді де пакетке салып алған. Бұл кезде қалған қонақтар шек-сілесі қатып күліп жатса, әйел адам пакет таратып жүреді.

Нанды басқан кімдер? 

Әлеуметтік желідегілер бұл қыз ұзату кезінде қалыңдықтың үйінде болған оқиға деп жазып жатыр, айтуларынша, "аш"жігіттер күйеудің достары болса керек.

Желі қолданушылары жігіттердің бұл әрекетін айыптап, ұнамсыз пікір қалдырып жатыр.

Жаңалықтар
0