Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 17 сәуір

© Sputnik / Владислав Воднев17 сәуір - күнтізбе
17 сәуір - күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл – Григориан күнтізбесінде 107-ші күн. Жыл соңына дейін 258 күн бар

17 сәуірде не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

17 сәуірде әлемде қандай қызықты оқиға болды:

Бүгін бүкіл әлем Кофе күнін мерекелейді. Кофе көңіл-күйді көтеріп, сергітеді. Күн сайын жер шарында 2 миллиардтан астам шыныаяқ кофе ішіледі – таңғажайып сан! 80 жыл бұрын, 1938 жылы барлардың бірінің иесі кофеқайнатқышқа патент алды. Ғалымдар бұл сусынды тәулігіне 2-3 рет порциядан көп ішпеген жағдайда пайдалы екенін айтады. Ол жүйке жүйесін жандандырып қана қоймай, жүрек-қан тамырлары ауруларының және кейбір қатерлі ісіктердің дамуына кедергі келтіреді. Халықаралық кофе күні – бұл бармендердің кәсіби мерекесі. Кафеханалар, мейрамханалар мен барлар бұл күні қызықты акциялар өткізіп, кофені дайындау тәсілдерін көрсетеді.

1989 жылдан бастап жыл сайын 17 сәуірде әлемнің көптеген елінде Дүниежүзілік гемофилия күні аталып өтеді, бұл күні көптеген адам бүгін қандай мереке екенін біледі, Дүниежүзілік гемофилия федерациясы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ)   акция өткізеді, оның басты мақсаты – гемофилия проблемасына қоғамның назарын аудару және генетикалық аурумен ауыратын науқастарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту. 17 сәуір датасы WFH негізін қалаушы Фрэнк Шнайбелдің туған күні құрметіне таңдалған. Гемофилия – ауыр генетикалық аурулардың бірі, бұл дертке шалдыққан науқастардың туа бітті қаны ұйымайды.  

Қазақстанда бүгін – Өртке қарсы қызмет күні. Бұл мерекенің датасы 1918 жылдың 17 сәуірінде болған тарихи оқиғамен байланысты, осы күні "Өртпен күресу мемлекеттік шараларын ұйымдастыру туралы" декретке қол қойылған. Декретке қол қойылған күн КСРО-ның құрамында болған кейбір республикаларда, соның ішінде Қазақстанда өртке қарсы қызметті ұйымдастыру күні ретінде аталып өтеді.

17 сәуірде әлемде болған тарихи оқиғалар:

1924 жылы голливудтық Metro-Goldwyn-Mayer киностудиясы құрылды;

1946 жылы Франция Сирияның тәуелсіздігін мойындады;

1964 жылы Ford Motor Company компаниясы Ford Mustang автокөлігін шығара бастады;

1970 жылы Пол Маккартни "McCartney" алғашқы жеке альбомын шығарды.

17 сәуірде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:

1995 жылы "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды;

2009 жыл Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Хайнань провинциясының құрметті азаматы" (Қытай Халық Республикасы) атағын алды.

17 сәуірде дүниеге келген танымал тұлғалар:

1820 жылы америкалық спорт қайраткері, бейсбол ережесін жасаушы Александр Картрайт дүниеге келді;

 1968 жылы  орыс эстрада әншісі Валерия дүниеге келді. Ресей халық әртісі (2013);

  1974 жылы ағылшын әншісі, әндердің авторы, биші, модель, актриса, сән дизайнері және кәсіпкер Виктория Бекхэм дүниеге келді.

17 сәуірде Қазақстанда кім дүниеге келді:

1952 жылы ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Галина Баймаханова дүниеге келді;

1954 жылы Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі (2013 жылдан бастап), Мьянма Республикасындағы елші (2015 жылдан бастап) қызметін қоса атқарушы Марат Есенбаев дүниеге келді;

1957 жылы ҚР парламенті сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы дүниеге келді;

 1957 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданының әкімі Оразгелді Қайыргелдинов дүниеге келді.  

Ай күнтізбесі

Ай Бикеш белгісінде орналасады. Сіз әбігерге түспеудің жолын таппайсыз және ойыңызды жинақтай алмайсыз, айналаңыздан көмек сұраңыз немесе шешім қабылдауды басқа күнге қалдырыңыз. Есесіне махаббатқа келгенде бірінші орында үйлесім тұрады.

Жаңалықтар
0