НҰР-СҰЛТАН. 16 сәуір — Sputnik. Өзбекстанның ұлттық ақпарат агенттігі 13 сәуірден бастап қазақ тілінде хабар тарата бастады.
Ұлттық ақпарат агенттігінің қазақ тіліндегі нұсқасы ашылғанын Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында хабарлады.
"Қазақстанның Өзбекстандағы жылы жариялануына байланысты УзА ұлттық агенттігі қазақ тілінде ақпарат тарата бастапты.Бұл бауырлас елдер арасындағы достық қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтерген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің арқасы", - деп жазды ол.
Өзбекстандағы Қазақстан жылының жариялануына байланысты УзА ұлттық агенттігі қазақ тілінде ақпарат тарата бастапты.Бұл бауырлас елдерарасындағы достық қарым-қатынасты жаңадеңгейге көтерген Елбасымыз Н.Назарбаев пен Өзбекстан Президенті Ш.Мирзиёевтің арқасыhttps://t.co/n2oozbE1LX
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) 13 апреля 2019 г.
Сайтты мына сілтеме арқылы оқи аласыз: uza.uz/kz
Айта кетейік, жексенбі күні Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкентке мемлекеттік сапармен барды. Сапар аясында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды. Президент сондай-ақ Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатысады.